Математика кафедрасы – Жетістіктер
Математика кафедрасы
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуыы
Жетістіктер
2021-2022 оқу жылы
“ЖОО ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ – 2020”
2021 жылдың 23 қаңтарында “Математика” кафедрасының меңгерушісі ф.-м.ғ. к., доцент Тлеубергенова М. А. “ЖОО үздік оқытушысы – 2020” республикалық байқауының жеңімпазы атанды.
ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР
Кафедрада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын іргелі зерттеулер жүргізіледі:
AP08955400 “Дифференциалдық теңдеулердің болжанбайтын шешімдері” 2020-2021 ж. ж. (Жоба жетекшісі: ф.-м. ғ. к., доцент Тлеубергенова Мадина Альмухановна. Орындаушылар: ф.-м.ғ. д., профессор Ахмет Марат, PhD Жаманшин А., магистр Нугаева З. Т.).
AP08856170 “Болжанбайтын тербелістері бар инерциялық нейрондық желілер” 2020-2022 ж.ж. (Жоба жетекшісі: ф.-м.ғ.д., профессор Ахмет Марат. Орындаушылар: ф.-м. ғ. к., доцент Тлеубергенова М. А., ф.-м. ғ. к., аға оқытушы Сейлова Р. Д., PhD Жаманшин А., магистр Нугаева З.Т., магистр Амирханова Н.А.)
AP09258737 “Болжанбайтын тербелістер теориясы” 2021-2023 ж.ж. (Жоба жетекшісі: доцент Тлеубергенова Мадина Альмухановна. Орындаушылар: ф. – м.ғ.д., профессор Ахмет Марат, ф. – м. ғ. к., аға оқытушы Сейлова Р.Д., Ph D Жаманшин А., магистр Н., магистр Изгарина Г. К.).
«МЕНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢІСТІГІМ»
«Менің әдістемелік кеңістігім» марафон аясында үздік ашық сабақ үшін аға оқытушысы, ф.-м. ғ. к. Сейлова Р.Д. 1 орын иеленді.
ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯНЫ ҚОРҒАУ
2021 жылдың 8 желтоқсанында диссертациялық кеңестің отырысында докторант Нугаева Захираның “6D060100 – Математика” мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясы қорғалды. Қорғау онлайн форматта қазақ тілінде өтті. Диссертация тақырыбы “Дифференциалдық теңдеулер мен гибридті жүйелердің болжанбайтын шешімдері және олардың нейрондық желілерде қолданылуы”. Жұмыс диссертациялық Кеңес мүшелерінің жоғары бағасына ие болды.
ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯНЫ ҚОРҒАУ
2021 жылдың 21 желтоқсанында Математика кафедрасының докторанты (ғылыми жетекшісі проф.А. Асанова) Токмурзин Жанибек диссертациясын сәтті қорғады. Қорғау онлайн форматта қазақ тілінде өтті. Диссертация тақырыбы “Төртінші ретті тәуелсіз дифференциалдық теңдеулер жүйелері үшін бастапқы-аймақтық есептерді шешу әдістері”. Жұмыс диссертациялық Кеңес мүшелерінің жоғары бағасына ие болды.
БІЗДІҢ УНИВЕРСИТЕТТІҢ ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОРЫ
АТАҒЫН БЕРУ
15 наурызда 2022 ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Ғылыми кеңесінде физика-математика ғылымдарының докторы, Анкара қ. (Түркия) Орта-Шығыс техникалық университетінің профессоры Марат Ахметке біздің университеттің құрметті профессоры атағы берілді.
Ахмет Марат Убайдулла «Математика» мамандығы бойынша Ақтөбе педагогикалық институтының (1978 ж.) түлегі болып табылады.
Ол Ақтөбе педагогикалық институтының тарихындағы докторлық диссертацияны (1994) ең алғаш қорғаған түлек және Ақтөбе педагогикалық институты ғалымдарының ішінде ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі берілген екінші ғалым (1984).
Профессор М.У.Ахмет қазіргі таңда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Назарбаев Университеті, сондай ақ Түркия, АҚШ, Сауд Арабиясы және Ливия елдері университетерінде еңбек етіп жатқан 25 физика-математика ғылым кандидаттары мен философия докторларын (PhD) дайындаған. Олардың үшеуі профессор және бірнеше доценттер болса, екеуі кафедра меңгерушісі және біреуі Қолданбалы математика институтының директоры қызметін атқаруда.
М.У.Ахметтің зор ғылыми потенциалы Қазақстан математиктері үшін ең жоғары болып табылатын Хирша индексі-24 (Web of Science, Scopus) көрсеткішпен расталады.
2017 жылдан бастап Ахмет Марат және Математика кафедрасының меңгерушісі М.А. Тілеубергенованың жетекшілігімен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде дифференциалдық теңдеулер, хаос және нейрондық желілер бойынша іргелі ғылыми зерттеулер жүргізетін ғалым-новаторлардың тобы жұмыс істейді. Ғылыми зерттеу нәтижелері жоғары рейтингті баспаларда жарық көрген (50 ғылыми мақала және 3 кітап).
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ұжымы Марат Ахметті құрметті профессор атағымен құттықтайды!!! Анкара қ. (Түркия) Орта Шығыс техникалық университетімен одан әрі белсенді ынтымақтастық жемісті жұмыс және қызықты және маңызды ғылыми нәтижелерге қол жеткізу үшін негіз болып табылады.
PhD ДИПЛОМДАРЫ ТАБЫС ЕТІЛДІ.
2022 жылдың 1 шілдесінде университет тарихында алғаш рет, физика-математика факультетінің PhD философия докторларының дипломдарын өзгеше форматта, университетіміздің басқарма төрағасы-ректор Карабасова Лаура Чапайқызы табыстады:
6D060100 – Математика мамандығы бойынша Философия докторы (PhD) дәрежесі Омарова Бибигул Жарболовнаға, Нугаева Захира Туребаевнаға, Тоқмурзин Жәнібек Сырлыбайұлына. Құрметті әріптестер, шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін.
ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯНЫ ҚОРҒАУ
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «6D060100 – Математика» мамандығы бойынша Жұмағазиев Әміре Халиұлының «Многопериодические решения систем уравнений с различными операторами дифференцирования» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын қорғайды.
Қорғау орыс тілінде.
Диссертациялық жұмыс Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің математика кафедрасында орындалған.
2022-2023 оқу жылы
МИНИСТРЛІКТІҢ ВЕДОМСТВОЛЫҚ НАГРАДАЛАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ
30 қантарда 2022 ж. Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасова бірқатар оқытушыларға ҚР Ғылым және білім министрі Саясат Нұрбекұлының атынан ведомстволық наградалар мен Алғыс хаттарды табыстады.
Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатын физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Елена Кокотова иеленді.
АЛҒЫС ЖАУҒАН КҮН
Физика-математика факультетінің дамуына үлес қосқан математика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының еңбектері еленіп, стратегиялық даму жөніндегі проректор Дастан Сақтағанұлы мен әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Есбол Есенбайұлының алғыс хаттарымен марапатталды. Келесі оқытушылар марапатталды: Сейлова Р. Д., Ахметова А.У., Омарова Б. Ж., Жұмағазиев Ә. Х., Изгарина Г. К.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!
«Ғылыми атақ беру туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 109 бұйрығы. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы 01.01.00 – Математика мамандығы бойынша: Тлеубергенова Мадина Альмухановнаға берілсін.
«Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 110 бұйрығы. 6D060100 – Математика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) Жұмағазиев Әміре Халиұлына берілсін.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті бекітілген тәртіппен философия докторы (PhD) дәрежесі дипломының жазылуын және берілуін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ
ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
2022 жылғы 4-5 желтоқсан аралығында Алматы қаласында математика, физика және информатика мұғалімдеріне арналған IX Халықаралық шығармашылық конкурс өтті.
“Математика” кафедрасының доценті Шериязданов Талғат Тұрарұлының жетекшілігімен студенттер мен магистранттар байқауға қатысып, жүлделі командалық ІІ орынды иеленді. Олар:
ІІ орын:
- Исағалиев Әнуар Аманжолұлы – 1 курс магистрант 7М01501″Математика”;
- Қазмағамбетов Нұрболат Маралұлы – 2 курс магистрант 7М 01501 “Математика”;
- Тлемисов Жалғас Манасұлы – 3 курс студенті 6В01508 “Математика –Физика”;
4.Тұржан Ақбота Тәңірбергенқызы – 2 курс магистрант 7М 01501 “Математика”.
ІІІ орын:
- Жақсылық Ринат Талғатұлы – 2 курс студенті 6В01501-Математика;
3 курс студенті 6В01508 “Математика –Физика” Ерікқызы Мадина белсенді қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯНЫ ҚОРҒАУ
21 желтоқсан 2022 ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «6D060100 – Математика» мамандығы бойынша Айтенова Г. М. «Исследование краевых задач и многопериодических решений систем интегро-дифференциальных уравнений с оператором дифференцирования по направлениям векторного поля» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын қорғайды.
Қорғау орыс тілінде.
Диссертациялық жұмыс Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің математика кафедрасында орындалған.
2022 жылы 29 желтоқсанда Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Ғылыми кеңесінің отырысында ректор Лаура Қарабасова “Математика” кафедрасының аға оқытушысы Әміре Жұмағазиевті “Математика” білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуымен құттықтап, диплом табыс етті.
2023-2024 оқу жылы
«Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 39 бұйрығы.
6D060100 – Математика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) Айтенова Гулсезим Муратовнаға берілсін.
МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША XV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДАН ЖҮЛДЕЛІ ІІ ОРЫН ИЕГЕРЛЕРІ
Сүлеймен Демирел университетінің ұйымдастыруымен, 2023 жылдың 20-21 сәуір аралығында өткен, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің Республикалық пәндік олимпиадасының Математика пәні бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің командасы II орын иеленді.
Команда құрамындағы, «6В01508-Математика-Физика» ББ-ның 3 курс студенті Тлемісов Жалғас, «6В01501-Математика» ББ-ның 3 курс студенті Мұхит Ақбөбек, «6В01501-Математика» ББ-ның 2 курс Жақсылық Ренат студенттерімізді және жетекшісі, Математика кафедрасының доценті, ф.-м.ғ.к. Шерияздан Талғат Тұраровичті шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы алар асуларыңыз әрдайым биік болсын деп тілек білдіреміз!!!
МАТЕМАТИКА КАФЕДРАСЫНДА “БОЛАШАҚ” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИАТЫ АТАНҒАН ҰСТАЗЫМЫЗДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Біздің факультеттің математика кафедрасының аға оқытушысы, “Болашақ” халықаралық стипендиаты Бибігүл Омарованы құттықтаймыз. Бибігүл Жарболова Шотландиядағы Хериот-Уотт университетінде тағылымдамадан өтеді.
Әріптесіңізге сәттілік пен амандық тілейміз!
БІЗДІҢ КАФЕДРАДАН ЕКІ ГРАНТТЫҚ ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА МАҚҰЛДАНДЫ.
Қуанышты жаңалық! ҰҒК шешімімен Сартабанов Жайшылықтың «Диагональ бойынша дифференциалдау операторлы жүйелердегі тербелістерді зерттеудегі периодты характеристикалар әдісі» (54 354 258тг) жобасы және Иманчиев Асқарбек Ермековичтің «Айнымалылардың бір бөлігі бойынша периодты және көпнүктелі шарттарда дербес туындылы теңдеулер жүйесінің кең мағынадағы шешімдері» (84 576 268тг) жобасы қаржыландыруға мақұлданды.
Құттықтаймыз!!! Алдағы атқарар ауқымды жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз
«ҮЙРЕН-БӨЛІС» ЖОБАСЫ – МҮМКІНДІКТЕР ЕСІГІ
2017 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебі арасында «Үйрен-бөліс» жобасымен ынтымақтастықты бастады. Жобаның мақсаты педагог кадрларды даярлауға дуальды оқытуды енгізу болды. 2022-2023 оқу жылында жоба бойынша жұмыс сәтті жалғасты.
2023 жылдың мамыр айында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Ақтөбе қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға негізделген «Үйрен-бөліс» жобасының 5 жылдығы атап өтілді.
2023 жылғы «Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі оқу-зерттеу жұмысы» үздік жобасына конкурс аясында бірінші орынды «6В01501 – Математика» ББ 4-курс студенті Нұржанат Жұмақанқызы иеленді. Оның «Оригами зерттеу қызметінің элементі ретінде» деп аталатын жобасы оригами техникасын қолданған геометрия сабағының бір бөлігін ұсынды. Сабақты көрсету барысында «6В01501 – Математика» ББ 3-курс студенттері Айым Ақбота, Айзада Әлиева, Аяжан Қуанышева және Тахмина Уәлиханова белсенді көмек көрсетті. Олардың барлығы да сабақтастық пен ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болып табылатын «Үйрен-бөліс» жобасының қатысушылары екенін атап өту маңызды.
Өз жобасы үшін Нұржанат Жұмақанқызы грамотамен марапатталды, ал оның ғылыми жетекшісі, ф.-м.ғ.к., математика кафедрасының доценті Р.Д. Сейлова жобаны белсенді басқарғаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Осы жетістіктер мен тәжірибелік нәтижелердің барлығы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіндегі «Үйрен-бөліс» жобасының маңыздылығы мен табыстылығын көрсетеді. Алдағы уақытта Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Ақтөбе қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды одан әрі тереңдету үшін «Үйрен-бөліс» жобасын жалғастыру және дамыту жоспарлануда. Бұл педагог кадрларды даярлау процесін одан әрі жақсартуға және жоғары педагогикалық білімге оқытудың инновациялық әдістерін енгізуге мүмкіндік береді.
«Үйрен-бөліс» жобасының әдіскері Математика кафедрасының доценті Р.Д. Сейлова
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ БАЙКАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалында өткен Республикалық байқауда 6В05401-«Математика» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Н.Өмірғалиева ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі: PhD, аға оқытушы Мынбаева Сандугаш Табылдықызы.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінде өткен Жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы Республикалық ғылыми-зерттеу байқауында «Математика-ғылыми-педагогикалық бағыт» мамандығы бойынша физика-математика факультетінің 6В01501-Математика білім беру бағдарламасының студенттері Р.С. Айсауыт, М. Еркінғалиұлы, Қ. Асқарұлы, Ж.М. Тлемісов ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ғылыми жетекшілері: физика-математика ғылым кандидаты, доцент Сейлова Роза Джамбуловна, математика кафедрасының меңгерушісінің орынбасары, магистр Таванова Назгуль Мырзагалиевна. Кафедрамыздың кезекті жетістігімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2023 жылғы 10 қарашадағы №856 бұйрығы бойынша Утесов Адилжан Базархановичке 10100 – Математика ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. Адилжан Базархановичті құттықтай отырып, жаңа табыстарға жете беруіне тілектеспіз
ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯНЫ ҚОРҒАУ
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «6D060100 – Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Убаева Жанар Картбаевнаның «Клаузен текті біртекті емес жүйе шешімдерінің бар болуын зерттеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация ұсыну түрі: диссертациялық жұмыс.
Қорғау қазақ тілінде.
Диссертациялық жұмыс Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің математика кафедрасында орындалған.
22.01.2024
ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯНЫ ҚОРҒАУ
“Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті” КЕАҚ – да “6D060100-Математика” мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Исенова Ақкенже Алтмышқызының “Арнайы қисықтарға жақын Уиттекер типті жүйелердің шешімдерін құру” тақырыбында докторлық диссертациясын қорғау өтеді.
Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: орыс.
Диссертация қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Математика кафедрасында орындалды.
22.01.2024
ЖҰБАНОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҮШ ОҚЫТУШЫСЫ ҮЗДІК АТАНДЫ
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2023» байқауының жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Еліміздегі жоғары оқу орындарының 150 оқытушысы жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздар қатарында Жұбанов университетінің үш оқытушысы бар. Атап айтар болсақ, физика-математика ғылымдарының кандидаты, математика кафедрасының доценті Асқарбек Иманчиев, оқытушы-зерттеуші, PhD, математика кафедрасының аға оқытушы Захира Нугаева және қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, PhD Айнұр Кушкимбаева.
Байқау жыл сайын оқытушылардың беделін арттыру және кәсіби дамуға ынталандыру мақсатында өткізіліп келеді. Жеңімпаздарға 2000 АЕК көлемінде сыйақы және «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» төсбелгісі беріледі.
Айта кетейік, байқау ҚР ҒЖБМ ақпараттық жүйесі базасында өтті, ол арқылы қатысушылар барлық кезеңдердің ашықтығын байқай алды.
Жеңімпаз оқытушыларымызды құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының “В009 – Математика мұғалімдерін даярлау” білім беру бағдарламалар топтамасынан Математика пәні бойынша XVI Республикалық студенттік олимпиадада «Математика» кафедрасының студенттері жеке есепте Еркингалиулы Махамбет ІІ-орын, Жақсылық Ренат ІІІ-орын, топтық есепте ІІ -орынды иеленді. Сонымен қатар, жетекшілік еткен кафедраның аға оқытушысы К.С.Баешеваға, студенттерді олимпиадаға дайындаған кафедра оқытушылары Т.Т.Шерияздан, Н.Н.Тилесов, Е.А.Арызахметов және түлегіміз Н.М.Казмагамбетовке алғыс білдіреміз.
ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯНЫ ҚОРҒАУ
26 мамыр айында 2024 ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «8D05401/6D060100 – Математика» мамандығы бойынша Туткушева Жайлан Салаватқызы «Бірнеше айнымалысы бар тегіс функциялардың глобалдық минимумдарын жоғары дәлдікпен анықтау» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын қорғады.
Қорғау қазақ тілінде.
Диссертациялық жұмыс Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің математика кафедрасында орындалған.
ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯНЫ ҚОРҒАУ
23 тамыз айында 2024 ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «8D05401/6D060100 – Математика» мамандығы бойынша Мұқаш Мейрамбек Әміржанұлы «Импульс әсерлі дифференциалдық теңдеу үшін шеттік есептің шешімінің талдауы және сапалық қасиеттері» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын қорғады.
Қорғау қазақ тілінде.
Диссертациялық жұмыс Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің математика кафедрасында орындалған.
2024 – 2025 оқу жылы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 22 шілдедегі № 629 бұйрығымен «Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беру туралы» шешім қабылданып, 6D060100 – Математика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі Туткушева Жайлан Салаватқызына берілді. Дипломның салтанатты тапсырылуы 2024 жылдың 29 тамызында ғылыми кеңесте өтті.
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы