7M01501 – Математика
Шифр – мамандықтың атауы:
«7M01501 – Математика»
Аккредитациядан өтуі:
2018 жылдың мамыр айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша 6М010900-Математика мамандығы мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті (№АВ 1729, 31.05.2018-30.05.2023.).
Оқу мерзімі:
ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша оқу мерзімі – 2 жыл;
бейінді оқумерзімі – 1 немесе 1,5 жыл.
Берілетін академиялық дәреже:
«7M01501 – Математика» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
Кәсіби қызметінің саласы:
білім; ғылым; қолданбалы математика.
Кәсіби қызметінің нысандары:
білім беру ұйымдары (жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер, лицейлер, гимназиялар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары); математика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі салалары бойыншағылыми-зерттеу ұйымдары, жобалау және конструкторлық бюро, фирмалар мен компаниялар; басқару ұйымдары: білім бөлімдері, тиісті мемлекеттік органдар өз жұмысында математика әдістері қолдананылатын ұйымдар.
Кәсіби қызметінің пәні:
оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыру, педагогикалық процесті жобалау және басқару, диагностика, түзету, педагогикалық қызметтің нәтижелерін болжау; математика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі саласындағы зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу; инновациялық оқыту тәжірибесін зерттеу, синтездеу және тарату; математикалық зерттеулер әдістеріне негізделген технологиялық процесті басқару және ұйымдастыру; білім беру мекемелерінде және тиісті профильдегі басқа да басқару органдарында ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асыру.
Кәсіби қызмет түрлері:
білім беру; әлеуметтік және педагогикалық; ғылыми-зерттеу; ұйымдастырушылық-әдістемелік; өндіріс пен технология.
Практика базалары:
«Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы;Ақтөбе қаласында физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ,Қолданбалы математика және информатика ҒО.