7M05301 – Физика

Шифр – мамандықтың атауы:

«7M05301 – Физика»

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2015 жылдың қазан айында өткізілген «Тәуелсіз аккредиттеу агенттігі және рейтингі» коммерциялық емес сыртқы сараптамалық комиссиясының аудитінің қорытындысы бойынша 5 жыл ішінде мамандандырылған аккредитациядан сәтті өтті (№ АB0524, 04.22.2015-22.04.2020).

Оқу түрі, мерзімі:

Ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты – 2 жыл.

Берілетін дәреже:

«7M05301 – Физика» білім беру бағдарламасының магистрі

Кәсіптік қызмет саласы:

эксперименталдық, теориялық және қолданбалы физика, сондай-ақ тиісті жаратылыстану және техникалық ғылымдарының саласы; жоғары оқу орындарында педагогиканың, физиканы оқытудың теориясы мен әдістерін қоса алғанда, білім беру саласы.

Кәсіби қызметінің нысандары:

ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, ғылыми зертханалар, жобалаушы-конструкторлық бюролар, фирмалар мен компаниялар; жоғары оқу орындары, мемлекеттік білім беру мекемелері, сондай-ақ үкіметтік емес білім беру ұйымдары; тиісті профильдегі әкімшілік мемлекеттік басқару органдары.

Кәсіби қызметінің пәні:

кәсіпорындар мен қауымдастықтардағы ғылыми-зерттеу, өндірістік және технологиялық үдерістер; мемлекеттік мекемелерде, фирмалар мен компанияларда, оның ішінде халықаралық ұйымдарда ұйымдастырушылық және басқарушылық үдерістер; жоғары және орта арнаулы оқу орындарында білім беру және тәрбие үрдістері.

Кәсіби қызметінің түрлері:

ғылыми-зерттеу; педагогикалық, жобалық-конструкторлық, өндірістік-технологиялық, әкімшілік-басқару, эксперттік-кеңес.

Практика мен тағылымдама базалары:

Витаустас Магнус университеті, Литва; Гданьск университеті, Польша; Башқұрстан мемлекеттік университеті, Ресей; Сакария университеті, Туркия; Ю.Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университеті, Ресей; Я.Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті, Беларусь.

Модульдік білім беру бағдарламасы
Модульдік білім беру бағдарламасы