6B05401 – Математика

Шифр – мамандықтың атауы:

6B05401 – Математика

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2015 жылы «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша 6B05401 Математика (5В060100-Математика) білім беру бағдарламасы бойынша  аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті. (№АВ0518, 22.04.2015 ж.).

Оқу түрі, мерзімі:

күндізгі бөлім:

орта жалпы білім негізінде  4 жыл;

орта кәсіби білім негізінде —3 жыл

Берілетін дәреже:

6B05401 Математика білім беру бағдарламасы  бойынша жаратылыстану бакалавры.

Кәсіби қызметінің саласы:

қолданбалы математика; ғылым; өндіріс және экономика.

Кәсіби қызметінің нысандары:

ғылыми-зерттеу мекемелері, жобалау және конструкторлық бюро, фирмалар мен компаниялар; мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, өз жұмысында математика әдістерін қолданатын әртүрлі жеке меншік нысандар; әкімшілік басқару; сақтандыру компаниялары; қаржы құрылымдары, бизнес, экономика.

Кәсіби қызметінің пәні:

математикалық әдістер мен компьютерлік технологияларды қолдану саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары; процестер мен объектілердің және бағдарламалық қамтамасыз етудің математикалық модельдеуін қолдана отырып әртүрлі қолданбалы мәселелерді шешу; жаратылыстану, техника, экономика және басқару мәселелерін шешудің тиімді әдістерін әзірлеу; ғылыми, ғылыми-зерттеу және басқарушылық қызметті бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпараттық қамтамасыз ету; актуарлық математика.

Кәсіби қызметінің түрлері:

ғылыми-зерттеушілік;  ұйымдастырушылық-технологиялық;  өндірістік-басқарушылық.

Практика базалары:

Ақтөбе қаласы, Қолданбалы математика және информатика ғылыми орталығы, Қ.Жұбанов атындағы АМУ; Ақтөбе обл., Шалқар аудандық Ж.К. «Сәулет» кәсіпорны;  «Специализированное транспортное управление» кәсіпорны; Ақтөбе қаласы, ДБАО Сбербанк ЖШС «Ричи» кәсіпорны; Ақтөбе қаласы, ЖШС «StroyServiseKZ»; Ақтөбе қаласы, ЖШС «Сага Омега» кәсіпорны.

Модульдік білім беру бағдарламасы