6B01502 – Физика

Шифр – мамандықтың атауы:

6B01502 – Физика.

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2013 жылдың сәуір айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті.

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл

Берілетін дәреже:

6B01502-Физика мамандығы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызметінің саласы:

  • жалпы білім беру ұйымдарында, білім мекемелерінде және орталықтарында балалар мен оқушы жастардың білім алуы және дамуы;
  • ғылым;
  • физикалық зерттеу әдістерін қолданумен байланысты ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар.

Кәсіби қызметінің нысандары:

  • мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырудағы білім бері мекемелері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары;
  • ғылыми ұйымдар: физика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі салалары бойынша ғылыми, ғылыми-зерттеу орталықтары;
  • басқару ұйымдары: мемлекеттік басқару ұйымдары, білім департаментері;
  • өз жұмыстарында физикалық зерттеу әдістерін қолданатын түрлі жеке меншік формасындағы ұйымдар.

Кәсіби қызметінің пәні:

  • оқу-тәрбие ісі: оқушылардың білім беру процестерін жобалау және басқару, қазіргі педагогикалық және ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану жағдайында мотивациялық, диагностикалық, түзету, коммуникативтік, әдістемелік жұмыстарды орындау;
  • ғылыми – зерттеу ісі: физика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі салалары бойынша ғылыми- зерттеу жұмыстарына қатысу, эксперименттік зерттеулер жүргізу және нәтижелерді өңдеу;
  • өндірістік-технологиялық іс: ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды қолданып ақпараттық қорларды өндіру мен өңдеудің технологиялық процестерін ұйымдастыруға қатысу.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • әлеуметтік-педагогикалық – оқушылардың толыққанды өмір сүруі, тәрбиеленуі және дамуы үшін жағдай жасау және гуманитарлық – педагогикалық қолдау көрсету;
  • білім беру – оқушыларды оқыту және дамыту, оқу және тәрбие процестерін ұйымдастыру, педагогикалық процесті жобалау және басқару, диагностика, түзету, педагогикалық әрекет нәтижелерін болжау;
  • ғылыми-зерттеу – физика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі салалары бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
  • ұйымдастыру-әдістемелік – инновациялық оқыту тәжірибелерін оқу, үйрену, жалпылау және тарату;
  • өндірістік-технологиялық – физикалық зерттеу әдістері негізінде технологиялық процестерді басқару және ұйымдастыру.

Практика базалары:

Ақтөбе қаласының мектептері.

Модульдік білім беру бағдарламасы
Модульдік білім беру бағдарламасы
Модульдік білім беру бағдарламасы
Модульдік білім беру бағдарламасы
Модульдік білім беру бағдарламасы
Модульдік білім беру бағдарламасы