Факультет түлектерінің жұмысқа орналасуы

Факультет түлектерінің жұмысқа орналасуы

50 жылдан аса тарихы бар факультет түлектерінің ішінен елімізге белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ұстаздар, ұжым басшылары шыққан. Мысалы, академик К.К.Кенжебаев, сенатор Е.Сағындықов, Анкара қаласындағы Орта-Шығыс университетінің профессоры М.У.Ахмет, Көпсалалы Тарлан колледжінің директоры Ж.Ж.Шүкіров, Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының  директоры  Н.Б.Муканов және т.б.

2019 жылы түлектердің 81% жұмысқа орналасты. Олар оқу мекемелерінде, банктерде, әртүрлі ЖШС-терінде, т.б. еңбек етуде. 19 түлек ҚР ЖОО-дарының магистратураларында оқиды.

Біздің мамандығымыздың түлектері мектептер, колледждер, институттар, университеттерден басқа банктерде, сақтандыру және  инвестициялық компанияларда, әртүрлі фондтарда және ғылыми оқу  орындарында жұмыс жасайды.

Ақтөбе облыстық білім беру департаментінің сұранысы бойынша студенттерді жұмысқа орналастыру жүргізіледі. Жыл сайын мамандық бойынша түлектерге деген сұраныс түлектер санынан да артуда. Республикамыздың басқада өңірлеріне, яғни Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының  мектептері мен колледждеріне жұмысқа шақырып,  сұраныстар келуде.

Бiз Қазақстанның белді компанияларында қызмет атқарып жатқан өз түлектермен  мақтанамыз: Кулик А.И. – ф.-м.ғ.к., «РЖД» ААҚ, (Ресей, Саратов қ.); Корвяков В. А. – п.ғ.д., Алматы экономика және статистика академиясының ректоры; Издибаев Ж. – «Халық Банкі» АҚ Ақтөбе ОФ, ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығыАйчанов Е. – «Республикалық ғылыми нейрохирургия орталығы» АҚ ақпараттық технологиялар бөлімініғ басшысы; Нука Н. –«Citrix» Компаниясы, Аға Программист, (США, Лос Анжелес); Афанасьев Е. – ААҚ “Крипто-Про”, инженер-программист, (Ресей, Москва қ.); Каскина А. – «ENRC Business & Technology Services» ЖШС, PM O Specialist – Programme Arrow, (Астана қ.); Мынбаев У. – Қала әкімінің орынбасары (Ақтөбе қ.); Нурбайкосова Л. – «Қазақтелеком» АҚ дирекция қызметкері; Иржанов Д. – «Казаэронавигация» РМК авиадиспетчері; Федчук А. – “ЛИМБ2” ЖШС 1С инженері; Кавкаева Ж. – «АктивСофт » ЖШС маман-консультанты; Шоканов Б. – НЗМ робототехника бойынша маман; Жаксалыков Р.А. – ҰҚК ШҚ  офицері, (Алматы қ-сы); Утегенова К. – РММ «ҚР ДМ Ақтөбе облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің департаменті» программист; Сексенбаев Р. – «Актобемунайгаз» АҚ программисті; Кульгарашева (Садакова) А.Б. – «Train Your Brain» ауызша есептеу халықаралық мектебінің оқытушысы (Талдықорған қ-сы); Калдыгулова С.Ж. – Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері; Дарлов Д. Н. – Карашығанақ Петролиум Оперейтинг компаниясының қызметкерлерді дамыту және оқыту бойынша маманы, (Ақсай қ.); Актаев Н. – ТЖ басқармасының программисті және Бедер А. А., Ұзақбаев Н. А. – НЗМ (Ақтөбе қ.), Қыдырбай  М. А.- специалист по web технологиялар маманы, Қазақ Технология және бизнес университеті, (Астана қ.) Досжанова Д. Ж.- IT маман, FORTE BANK АҚ (Ақтөбе қ.), Сергеева  Ж. С.- Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат (Ақтау қ.), Хайруллаев Р. А.- Тех. Программист, Ақтөбе политехникалық колледжі (Ақтөбе қ.), Молдабеков Т.А.- ТП БАЖ инженері, «СтройТехно» ЖШС,Танжанов М.Н.- ақпараттық технологиялар инженері, «Транстелеком» АҚ және т.б.

Физика-математика факультетінде Жұбанов Университетінен бұрын түлеп ұшқан түлектер білім ордасында кездесу өткізіп тұрады.

ФАКУЛЬТЕТ ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСУ

50 жылдық кездесу

2019 жылы маусым айының 8-ші жұлдызында Жұбанов университетінің физика-математика факультетінде факультет деканы Алтыншаш Упуовна Бекбауова бастаған факультеттің ұстаздар қауымы мен биылғы бітіруші түлектердің университеттің жарты ғасыр бұрын бітірген ең алғашқы түлектерімен кездесуі өтті.

Бас қосуға факультеттің барлық мамандықтары бойынша бітірген түлектері келді. Кездесу Білім Алаңында 2019 жылы бітіруші түлектердің 1970 жылғы түлектерге Университет папкасын табыстаудан басталды. Содан кейін барлық қонақтар университет студенттері дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Кездесу барысында ұстаздар қауымы мен бірге оқыған түлектердің әңгімелері жарасып, өткен-кеткенді естеріне түсіріп, қазіргі қызмет барысын айтып, пікір алысып, мәре-сәре болып қалды. Содан соң, қонақтар университет тарихы мұражайына бет алды. Мұражайда университеттің өткен тарихын зерделеп, бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты, болашағына көз жіберді.  Университет тарихына жасаған экскурсияларынан кейін мұражай қызметкерлеріне ілтипаттарын білдіріп, тілектер кітабына өз тілектерін жазды. Кездесу “Мәңгілік Ел” конференц залында “Студенттік шаққа саяxат” атты кураторлық сағатпен жалғасты. Кураторлық сағатта факультет деканы университет және факультет жетістіктерімен таныстырып өтті, әрі қарай сөз кезегін 1970 жылғы түлектердің кураторы Жайшылық Алмағанбетұлы Сартабанов, 2019 жылғы түлектер кураторы Сарман Ақмарал Досмұхаммедқызы, ректор кеңесшісі Цxай Константин Валентинович  жалғастырып, түлектерге деген жүрекжарды лебіздерін тебіреніспен жеткізді.

30 жылдық кездесу

Факультетте Жұбанов Университетінен осыдан 30 жыл бұрын түлеп ұшқан түлектер білім ордасында кездесу өткізді.
Университет күн санап емес, сәт санап көркейіп келеді. Оның келбетіне көз тойғысыз. Күні кеше осынау жастықтың мекенінде өздерінің ең бақытты, ең алаңсыз кезеңдерін бастан кешкен «студенттер» жүздері бақыттан алаулап, Жұбанов университетіндегі барлық жаңашылдықты сезініп, оның келбетінің өзгергеніне куә болды.