7М01503 – Информатика
Шифр – мамандықтың атауы:
«7М01503 – Информатика»
Оқу мерзімі:
ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша оқу мерзімі – 2 жыл;
бейінді оқумерзімі – 1 немесе 1,5 жыл.
Берілетін академиялық дәреже:
«7М01503 – Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
Кәсіби қызметінің саласы: білім; ғылым;
Кәсіби қызметінің нысандары:
білім беру ұйымдары (жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер, лицейлер, гимназиялар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары); информатика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі салалары бойыншағылыми-зерттеу ұйымдары, жобалау және конструкторлық бюро, фирмалар мен компаниялар; басқару ұйымдары: білім бөлімдері.
Кәсіби қызметінің пәні:
оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыру, педагогикалық процесті жобалау және басқару, диагностика, түзету, педагогикалық қызметтің нәтижелерін болжау; математика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі саласындағы зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу; инновациялық оқыту тәжірибесін зерттеу, синтездеу және тарату; білім беру мекемелерінде және тиісті профильдегі басқа да басқару органдарында ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асыру.
Кәсіби қызмет түрлері:
білім беру; әлеуметтік және педагогикалық; ғылыми-зерттеу; ұйымдастырушылық-әдістемелік; өндіріс пен технология.
Практика базалары:
«Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы;Ақтөбе қаласында физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ