6B06103 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Шифр – мамандықтың атауы:

6B06103 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2017 жылдың қазан айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша білім беру бағдарламасы аккредиттеуден өтті (сертификат №АВ1396, 20.11.2017-19.11.2022).

Оқу түрі, мерзімі:

Жалпы орта білім негізінде 4 жыл;

орта кәсіптік білім негізінде 3 жыл;

жоғары кәсіптік білім негізінде 2 жыл.

Берілетін дәреже:

6B06103-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры

Кәсіби қызметінің саласы:

Бітірушілердің кәсіптік әрекетінің аясы есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданатын және іске қосатын, өңдейтін әр түрлі салалардағы әртүрлі меншік түрлеріне жататын кәсіпорындар мен ұйымдар болып табылады, нақтылап айтсақ: машина жасау, металлургия, көлік, телекоммуникация, ғылым және білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық саласы, қызмет көрсету саласы, әкімшілік басқару, экономика, бизнес, әр түрлі техникалармен басқару, яғни адамға қызмет етудің барлық саласында.

Кәсіби қызметінің нысандары:

Бітірушілердің кәсіптік әрекетінің нысаны есептеу машиналары, кешендері жүйелерін және желілерін, ақпарат өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерін, автоматтандырылған жобалау жүйелерін және ақпараттық жүйелерді математикалық, ақпараттық, техникалық, эргономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз етуі болып табылады.

Кәсіби қызметінің пәні:

Бітірушілердің кәсіптік қызметінің пәндеріне ақпартты-бағдарламалық кешендер компонентерінің сәулетін және оған сәйкес адам-машиналық интерфейстерін жобалау; ақпаратты өңдеудің және басқарудың компьютерлік жүйесін жүзеге асыру үшін бағдарламау құралдарын, есептеу техникасы құралдарын қолдану; кәсіби қызмет объектілерінің бағдарламалық қамтамасыз етілуі, ақпараттық және математикалық элементтерін жобалау; кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс істеуімен байланыстағы ақпараттық және есептеу үрдістерінің бағдарламалық және математикалық модельдерін зерттеу және құру; есептеу техникасы жабдықтары мен жүйелерінің, процестердің, құбылыстардың математикалық модельдерін жүзеге асыру және таңдау; кәсіби қызмет объектілерін зерттеу және өңдеу процесін ұйымдастыруда инструментальды бағдарламалық жабдықтарды және есептеу техникасы жабдықтары технологиясын таңдау; ақпарттық басқарудың және өңдеудің компьютерлік жүйесін, есептеу техникасын, жүйелік, инструментальды және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етілуін қалыпқа келтіру және орнату; ақпараттық басқарудың және өңдеу компьютерлік жүйесін, бағдарламалық өнімдерін сүйемелдеу жатады.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • жобалаушы-конструкторлық қызмет;
  • өндірістік-технологиялық қызмет;
  • эксперименттік-зерттеу;
  • ұйымдастыру-басқарушылық қызмет;
  • эксплуатациялық қызмет.

Практика базалары:

«ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе филиалы; ҚТЖ АҚ«Ақтөбе желілік әзірлеулер орталығы» филиалы; ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті РММ; «Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В.» Ақсай қ.; «Қалалық техникалық шығармашылық орталығы» ММ; «СтройТехно» ЖШС; «Д-Три А» ЖШС.

Модульдік білім беру бағдарламасы