6В01503 – Информатика
Шифр – мамандықтың атауы:
6В01503 – Информатика.
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
2013 жылдың наурыз айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға өтті. (Сертификат №АВ1728, 31.05.2018-30.05.2023).
Оқу түрі, мерзімі:
жалпы орта білім негізінде 4 жыл;
орта кәсіптік білім негізінде 3 жыл;
жоғары кәсіптік білім негізінде 2 жыл.
Берілетін дәреже:
6В01503 – Информатика білім бағдарламасы бойынша білім бакалавры.
Кәсіби қызметінің саласы:
Бітірушілердің кәсіби қызметінің саласы -жалпы білім беретін мекемелерінде және орталықтарда балалар мен оқушыларға білім беру және дамыту, ақпараттық-коммуникациялық құралдарды және технологияларды пайдаланатын мекемелер, кәсіпорындар және ғылыми ұйымдар.
Кәсіби қызметінің нысандары:
Бітірушілердің кәсіптік әрекетінің нысаны мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыруындағы білім беру мекемелері, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері, мектептер, лицейлар, гимназиялар, колледждар, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері; математика, қолданбалы математика, педагогика, психология және оқыту әдістері саласындағы ғылыми, ғылыми-зерттеу орталықтары; мемлекеттік білім беру басқармалары, департаменттері; өз жұмысында қолданбалы математика әдістерін және компьютерлік технологияларды пайдаланатын әртүрлі меншіктегі ұйымдар болып табылады.
Кәсіби қызметінің пәні:
Білім беру процесінің құндылықты-мақсаттық бағытының, мазмұнының, әдістерінің, формалары және нәтижелерінің бірлігі; информатика, қолданбалы математика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми-зерттеу, инновациялық, ақпараттық-аналитикалық қызметі; бағдарламалық, математикалық және ақпараттық қамтамасыз етуді жобалаудың, енгізудің және сүйемелдеудің технологиялық процесі.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- әлеуметтік-педагогикалық қызмет;
- білімдік қызмет;
- ғылыми-зерттеу қызметі;
- эксперименттік зерттеу;
- ұйымдастыру-әдістемелік қызмет;
- мәдени-ағартушылық қызмет;
- өндірістік-технологиялық қызмет.
Практика базалары:
Назарбаев Зияткерлік мектебі; Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектепинтернаты; Үш тілде оқытатын №21 мектепгимназиясы; № 51 мектеп – гимназиясы; №40 қазақ орта мектебі; №30 қазақ орта мектебі; №39 қазақ орта мектебі; №6 қазақ орта мектебі; №27 орта мектебі.