Факультет тарихы

Факультет тарихы

Физика-математика факультеті 1966 жылы құрылып, математика, физика, ақпараттық жүйелер саласында іргелі зерттеулер жүргізу және кадрлар дайындау бойынша аймақтағы жетекші оқу және ғылыми орталығына айналды.

Факультет құрамында 3 кафедра бар:

  • Математика (кафедра меңгерушісі – ф.-м.ғ.к., аға оқытушы Тлеубергенова Мадина Альмухановна);
  • Физика (кафедра меңгерушісі – доктор PhD Аймаганбетова Зухра Кураниевна);
  • Информатика және ақпараттық технологиялар (кафедра меңгерушісі – доктор PhD Кереев Адилжан Кутымович).

Факультет бакалавриаттың 10, магистратураның 7, докторантураның 2 мамандығы бойынша кадрлар даярлайды.

БАКАЛАВРИАТ:

6В01501 МАТЕМАТИКА

6В01502 ФИЗИКА

6В01503 ИНФОРМАТИКА

6В01508 МАТЕМАТИКА-ФИЗИКА

6В01510 ФИЗИКА-ИНФОРМАТИКА

6В05301 ФИЗИКА

6В05401 МАТЕМАТИКА

6В06103 ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

6В06105 КОМПЬЮТЕРЛІК ИНЖЕНЕРИЯ

6B06106 IT МЕДИЦИНА

МАГИСТРАТУРА:

7М01501 МАТЕМАТИКА

7М01502 ФИЗИКА (1 ж., 2 ж.)

7М01503 ИНФОРМАТИКА

7М05301 ФИЗИКА

7М05401 МАТЕМАТИКА

7М06102 АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

7М06103 ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

ДОКТОРАНТУРА:

8D05301 ФИЗИКА

8D05401 МАТЕМАТИКА

Диссертациялық кеңес:

Zhubanov University-де 8D05301 — «Физика» және 8D05401 — «Математика» білім беру бағдарламалары бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру үшін докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес ашылды.

Кеңес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының «Жоғары оқу орындарында философия (PhD) докторы, бейіні бойынша докторы ғылыми дәреже беру бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер ашу туралы» бұйрығына сәйкес құрылды.

Бұл тек оқу орнында ғана емес, елде де физика-математика ғылымдарын дамытудың жолы. Диссертациялық кеңес – ғылыми жұмыстармен айналысатын болашақ ғалымдардың еңбегін жіті ғылыми сүзгіден өткізетін және талдау жүргізетін ғалымдар кеңесі.

Казіргі таңда қос дипломды білім беру бағдарламаларын 6В01501 – Математика және 6В01502 – Физика, 6В01503 – Информатика мамандықтары бойынша жүзеге асыру, сондай-ақ қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша Кытай мұнай газ университетімен жүзеге асырады.

Үш тілдік білім аясында 6В01501 – Математика, 6В01502 – Физика, 6В01503 – Информатика мамандықтарында сабақтар казақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

Факультет жоғары білікті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілген: 4 ғылым докторы, профессор, 28 ғылым кандидаттары, 10 PhD, 38 магистр.