Студенттік өмір
Студенттік өмір
Факультет кафедраларында 9 ғылыми үйірмелер мен проблемалық топтар жұмыстары жолға қойылып, оған 90-тен аса студент қатысады. Сонымен қатар факультетте «EnglishClub», «ITClub», «Робототехника жүйелері», «3D модельдеу», «Codologia-программалау негіздері» және «Жас педагог» үйірмелері жұмыс жасайды. Бұл үйірмелердің тақырыптары әртүрлі, негізінен физика-математика есептерін шешу, программалау негіздері, педагогикалық технологиялар, ақпараттық технологиялар және т.с.с.
Факультет белсенділері жастар форумына және фестивалдарға,шеберлік байқауларға қатысады, оның ішінде республикалық, халықаралық деңгейдегі фестивалдарға қатысып, өз жобаларын жүзеге асырады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында студенттер республикалық, облыстық, қалалық деңгейдегі жалпы университеттік спорттық шараларға қатысады. Сондай-ақ, факультетте «Денсаулық – зорбайлық» спорттық шаралары, «Зиянды заттардан аулақ болайық!» атты шылымға қарсы акция, ұлттық ойындар сайысы және табиғатқа саяхат жиі ұйымдастырылып отырады.
STUDLIFE жобасы
STUDLIFE жобасының гала-концертінде, факультетіміздің студенттік сенаторы – Умирзакова Бану Габиденовна STUDLIFE жобасының “ҮЗДІК СЕНАТОРЫ” статуэткасы мен арнайы сыйлығына ие болды.
IT волонтерлар
Физика-математика факультетінің IT Club үйірмесінің мүшелерінің бастауымен IT волонтерлар жасақталды. Волонтерлар мақсаты IT қосымшалар құру, жобалар жасақтауға қатысу, цифрландыру бағытындағы жұмыстарға өз көмегін ұсыну.
Қашықтан білім алу, карантин жағдайларда IT волонтерлар әртүрлі бағдарламаларда жұмыс жасау, қосымшаларды қолдану, электронды кітапхана, білім порталдарымен жұмыс жасау туралы бейнедәрістерімен бөлісуді бастады.
«Dombura PARTY» шарасы