8D05301 – Физика

Шифр – мамандықтың атауы:

8D05301 – «Физика»

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

Оқу мерзімі:

3 жыл.

Берілетін дәреже:

«8D05301 – Физика» білім беру бағдарламасының PhD докторы

8D05301 – Физика” білім беру бағдарламасы бойынша 
ББ ПАСПОРТЫ

“8D05301 – Физика” бағыты бойынша доктор кәсіби қызметінің дайындығы:

  • компьютерлік технологияны және математикалық әдістерді қолданылатын салаларда ғылыми зерттеу жұмыстарды жүргізу;
  • кез келген есептерді шешу үшін, құбылыстарды және нысандарды математикалық модельдеу және бағдарламамен қамтамасыз ету;
  • жаратылыстанудың және техниканың есептерін шешу үшін тиімді әдістерді табу;
  • ғылыми, зерттеу, конструкторлық, басқару қызметінде ақпараттық-бағдарламамен қамтамасыз ету;
  • физикалық пәндерді оқыту.

Түлектің кәсіптік әрекетінің нысаны

Физика докторантура түлектердің кәсіптік қызметтерінің объектілері мыналар: ғылыми-зерттеу мекемелері, білім беру мекемелері;

 Түлектің кәсіптік әрекетінің түрлері

Бітіруші докторант келесідей кәсіби қызметтерді атқара алады:

  • ғылыми-зерттеушілік;
  • ұйымдастырушылық-технологиялық;
  • өндірістік-басқарушылық;
  • ағартушылық (педагогикалық).

Бітіруші докторант белгіленген тәртіппен мамандық бойынша алынған іргелі және мамандырылған дайындыққа сәйкес келесі кәсіби қызметті жүзеге асыру мүмкін:

– маман, жетекші маман, жетекші физик;
– ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарда ғылыми қызметкері;
– Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында математика мұғалімі;
– орта кәсіптік мектептерде, орта мектептерде, лицейлер мен гимназияларда физика мұғалімі, физика және информатика мұғалімі.

 Түлектің кәсіптік әрекетінің міндеттері

Докторантура түлегі кәсіби қызмет түріне сәйкес осы міндеттерді шешу үшін дайын болуы керек:

  • ғылыми-зерттеуқызмет:

– жалпы ғылыми, ұйымдастырушылық және қосымшалар әмбебап тиімді шешімдерді табу үшін нақты процестер мен объектілерді зерттеу кезенінде физикалық және алгоритмдік модельдеу әдістерін қолдану;

– қазіргі заманғы ғылым мен техника, озық отандық және шетелдік тәжірибені пайдалану арқылы физика саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдау және жалпылау;

– конференциялар, семинарлар, симпозиумдар дайындау және өткізу;

– ғылыми жарияланымдарды дайындау және өңдеу;

  • өнеркәсіптік және технологиялыққызмет:

– жаңа жағдайларда жылдам шешім қабылдау қажеттігін, физикалық модельдер және алгоритмдер кешенділігін арттыру компьютерлік технологияларды дамыту туындайтын жаңа проблемалар және математикалық әдістер тез бейімделуге іргелі математикалық білім мен шығармашылық дағдыларын пайдалану;

– қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды және бағдарламалық қамтамасыз ету пайдалану;

– автоматтандырылған деректерді жинау және өңдеу қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып, қажетті ақпаратты сақтау, талдау және жүйелеу;

– нормативтік, әдістемелік құжаттарды дайындау және корпоративтік желісін дамыту стратегиясын анықтауға қатысу;

  • ұйымдастырушылық жәнебасқарушылыққызмет:

– ғылыми-зерттеу топтарының жұмысын ұйымдастыру;

– қызметтің нәтижелерін болжау үшін ғылыми жетістіктерді қолдану, қабылданған шешімдердің нәтижелерін сандық және сапалық бағалау;

  • оқыту қызметі:

– дәрістерді оқу, семинарларды өткізу және математиканың нақты облысында оқу үдерісінің басқа реформалары.

ББ меңгеру нәтижесінде қалыптасатын докторантура түлегінің негізгі құзыреттіліктері

Жалпыкәсіби құзіреттіліктер (ЖКҚ):

  • кәсіби қызметте базалық жаратылыстану-ғылыми білімді, оның ішінде зерттеу пәні мен объектілері, зерттеу әдістері, қазіргі заманғы концепциялар, жаратылыстану ғылымдарының жетістіктері мен шектеулері туралы білімді пайдалану қабілеті (ЖКҚ-1);
  • ғылыми мақалаларды жазу, шетелдік ғылыми әдебиеттерді оқу, халықаралық конференцияларға қатысу үшін қажетті ағылшын тілін еркін меңгеру (ЖКҚ-2);
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін өңдеу және бағалау, зерттеу құбылыстарының мәнін тану қабілеті (ЖКҚ-3);
  • физика саласындағы сараптамалық бағалау талаптарына жауап беретін жоғары сапалы ғылыми зерттеулерді жүргізу арқылы жаңа білімді қалыптастыру және түсіндіру қабілеті (ЖКҚ-4);
  • заманауи шетелдік және отандық ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу қабілетін тереңдету және сипатталған физикалық құбылыстарға өзіндік баға беру (ЖКҚ-5);
  • ғылыми зерттеулердің арқасында физикалық ғылымның жаңа бағыттарын дамытуға үлес қосуға қабілетті дамыту (ЖКҚ-6);

Пәндік құзіреттіліктер (ПҚ)

  • профильді физикалық пәндерді меңгеру үшін физика саласындағы арнайы білімді қолдану қабілеті (ПҚ-1);
  • теориялық физика және конденсияланган күй физикасындағы соңғы тенденциялардың дамуына өз үлесін қосу қабілетін қалыптастыру (ПҚ-2);
  • физикалық зерттеулердің таңдалған саласындағы физикалық ақпаратты өңдеу, талдау және синтездеудің заманауи әдістерін қолдану қабілеті (ПҚ-3);
  • отандық және шетелдік тәжірибені ескере отырып, заманауи аспаптық базаның (оның ішінде күрделі физикалық жабдықтың) және ақпараттық технологиялардың көмегімен эксперименттік және (немесе) теориялық физикалық зерттеулердің таңдалған саласында ғылыми зерттеулер жүргізу қабілеті (ПҚ-4);
  • ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласындағы теориялық және қолданбалы міндеттерді жобалау және қалыптастыру, ғылыми жобалар мен зерттеулерді сараптау қабілеті (ПҚ-5);

Кәсіби қызметінің саласы:

білім беру мен ғылым.

Кәсіби қызметінің нысандары:

университеттер мен ғылыми-зерттеу ұйымдары, мемлекеттік басқару органдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес ғылым және білім беру мекемелері, өнеркәсіптік өндіріс, жобалаушы, технологиялық және конструкторлық ұйымдар және т.б.

Кәсіби қызметінің пәні:

білім алушыларды  инновациялық әдістер мен құралдарды пайдалана отырып оқыту және тәрбиелеуді ұйымдастыру, студенттің немесе магистранттың оқу үрдісінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру.

Кәсіби қызметінің түрлері:

білім беру, ғылыми-зерттеу, эксперименталды зерттеулер, ұйымдастыру және басқару, білім беру-технологиялық, әкімшілік және басқару.

Практика мен тағылымдама базалары:

Витаустас Магнус университеті, Литва; Гданьск университеті, Польша; Башқұрстан мемлекеттік университеті, Ресей; Сакария университеті, Туркия; Ю.Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университеті, Ресей; Я.Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті, Беларусь,Тарту университетінің физика институты, Эстония.

Модульдік білім беру бағдарламасы