Математика кафедрасы – Материалдық-техникалық база
Математика кафедрасы
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
Материалдық-техникалық база
Оқу үдерісі барлық қажетті материалдармен, дербес компьютерлермен және интерактивті тақтамен жабдықталған физика-математика факультетінің арнайы кабинеттерінде және дәріс залдарында ұйымдастырылған.
Мамандық студенттері кітапханадағы ғылыми, оқу және анықтамалық кітаптарға қол жеткізе алады. Кафедрада және университет кітапханасында кафедра оқытушылары әзірлеген оқу-әдістемелік материалдар бар.
Кафедраның студенттері мен магистранттары Қ.Жұбанов атындағы АӨУнің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын қолданбалы математика және информатика ғылыми-зерттеу орталығында өндірістік және ғылыми тәжірибелерден өту мүмкіндігіне ие.
2017-2018 оқу жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Д.У.Үмбетжанов атындағы аудитория менматематиканы оқытудың теориясы мен әдістемесікабинеті, сонымен қатар математика кафедрасының филиалдары мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатында, «Білім-инновация» лицейінде және үштілді № 21.мектеп-гимназияларынан ашылды:
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, физика математика ғылымдарының докторы, профессор Д.У.Үмбетжанов атындағы кабинет
Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі кабинеті
Көп тілділік оқыту кабинеті.
Студенттік ғылым мен тәжірибенің өндіріспен байланысын күшейту мақсатында 2019-2020 оқу жылында кафедраның тәжірибе орталықтары болып саналатын ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика бойынша Ақтобе облыстық Комитетінің статистика департаментінің базасында, Ақтөбе қалалық «Сбербанк» акционерлік қоғамы филлиалында,сонымен қатар Шұбарқұдық мектеп-гимназиясында, Қарауылкелді орта мектебінде және №3 Ақтөбе орта мектебінде филиалдары ашылды.
6В05401-Математика мамандығының 4-курс студенттері мен кафедра оқытушылары Ақтөбе қаласындағы «СБЕРБАНК» акционерлік қоғамының филиалында практикалық сабақта
5В010900-Математика мамандығының студенттері үшін кафедра филиалында
«Критериалды бағалау технологиялары» пәні бойынша мектептегі практикалық сабақ
2019-2020 оқу жылы қолданбалы программалар пакеттерімен жабдықталған ағымдық мәліметтерді зертхана ашылды.
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы