Математика кафедрасы – Кафедра тарихы

Математика кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Кафедра тарихы

Математика кафедрасы 3 сатылық  деңгейі бойынша мамандар дайындайды

Бакалавриат:

  • 6В01501 – Математика
  • 6В05401 – Математика
  • 6В01508- Математика-Физика

Магистратура:

  • 7М01501 – Математика
  • 7М05401 – Математика

Докторантура:

  • 8D05401- Математика

Кафедра тарихы

Физика-математика факультетінің негізі қаланған күннен бастап  «Математика» мамандығы бойынша мамандар даярланып келеді.

1966 жылы ашылған педагогика институтында алғаш рет математика және физика кафедрасының іргетасы қаланып, оның алғашқы меңгерушісі қызметін институттың проректоры Төлегенов Мырзағали Отарұлы қоса атқарды.

1970 жылы алғашқы түлектер оқуды аяқтап, 15 түлек математика мұғалімі дипломын алды.

Жоғары математика кафедрасы 1968 жылы құрылды. Бұл кафедра 1974 жылдан математикалық анализ кафедрасы деп аталды. 1968 жылы жоғары математика кафедрасы құрамынан элементар математика кафедрасы бөлініп шығып, ол 1988 жылдан бастап алгебра және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасы деп аталды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі Шибаев Петр Яковлевич болды.  Жылдан жылға институт өсе келе, кафедралар жұмысының ауқымы кеңейіп, олардың атаулары да кафедра айналысатын салаға сай өзгертіліп отырды. Алгебра және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасы 1997 жылы алгебра және дифференциалдық теңдеулер кафедрасы болып, кейіннен жоғары математика және дифференциалдық  теңдеулер кафедрасы деп аталды. Әр жылдарда аталған кафедраларды Р.Ю. Мисонжник, Ж.А. Сартабанов, Ж.Н. Тасмамбетов, М.У. Ахметов, І.Т. Тәжімұратов, К.К. Кенжебаев, Д.И. Хан, К.Ж. Жұбаев, Я.Я. Ведель, Т.Т. Шерияздан, Ж.Қ. Қайдасов Е.С. Алданов, А.У.Ахметова, А.Е. Иманчиев, М.А. Тлеубергеновалар басқарды.

Көп жылдар бойы тәжірибелі педагогтар сабақ берді: К.Н. Ниязмагамбетов,  И.И. Ильясов, А.Б. Бержанов, У.Б. Баймагамбетов, В.И. Гончарова, А.Ш. Шокаева, Р.Т. Алимбаева, М.Т.Тумышев, В.Шубин,  Т.И. Припадчева, Р.М. Бекетова, С.А. Мырзабеков, А.Ж. Избасова және т.б.

2013-2017 жылдар аралығында  факультетте кафедралар іргелі және қолданбалы математика мен математика және математиканы оқыту әдістемесі  атауларымен жұмыс жасап келді.

2017 жылдың қыркүйегінен бастап, «Іргелі және қолданбалы математика» мен «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедралары біріктіріліп, Математика деген атаумен жұмысын жалғастыруда. Кафедра меңгерушісі  – физика-математика ғылымдарының кандидаты Тлеубергенова Мадина Альмухановна.

Профессор оқытушылар құрамында 2 ғылым докторы, 11 ғылым кандидаты, 1 PhD докторы, 10 магистр бар.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқытушылық қызметке алыс және жақын шет елдердің ғылыми зерттеу және академиялық институттарының, басқа да  университеттердің жетекші ғалымдары шақырылады.

Кафедра магистратура, ғылыми және педагогикалық мамандықтар бойынша маман даярлау мен қайта даярлауда кәсіптік жоғары білім бағдарламасын іске асырады.

Кафедраның профессор-оқытушыларының елеулі еңбегінің нәтижесінде 1999 жылы  6N060100 – «Математика» бойынша магистратура мамандығын ашу мүмкіндігі туды.  Факультет 2001 жылдан  6М060100 – «Математика» мамандығы, 2016 жылдан бастап 6М010900 – «Математика» мамандығы бойынша магистрлер, 2015 жылдан бастап 6D060100 – «Математика» мамандығы бойынша докторанттар  дайындайды.

2017-2018 жылдары  5В010900 – «Математика»,  6М010900 – «Математика» мамандықтары     Қазақстан Республикасы аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің  аккредитациядан сәтті өтті  және  7 жылдық мерзімге өткендігі жөнінде сертификаттарға ие болды.

2020-2021 оқу жылында ҚР АРТА аккредитациясынан сәтті өтіп, акредиттелгендігі туралы сертификаттарға ие болған мамандықтар: «6В01508- Математика-Физика» мамандығы (5 жылға), «7М05401 – Математика» (5 жылға), «8D05401- Математика» (5 жыл),  6В05401 – «Математика»   (7жыл)

2014-2015ж.ж. 5В060100 – «Математика»,  6М060100 – «Математика», мамандықтары НААР РК аккредитациясын сәтті өтіп,  5 жыл мерзімге   аккредитациядан өту сертификатын алды. 2017-2018ж.ж. 5В010900 – «Математика»,  6М010900 – «Математика» мамандықтары НААР РК аккредитациясын сәтті өтіп,  7 жыл мерзімге аккредитациядан өту сертификатын алды.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы