Математика кафедрасы – Оқу және ғылыми қызметі

Математика кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Оқу және ғылыми қызметі

Кафедра бакалавриат, магистратура және докторантура мамандықтары бойынша мамандар дайындайды: 6В01501 – «Математика», 6В05401 –  «Математика», 6В01508- «Математика-Физика», 7М05401 – «Математика», 7М01501 – «Математика», 8D05401 – «Математика».

Кафедра барлық фундаменталды математикалық пәндерді және физика-математика факультетінің студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына арнайы курстарды, сондай-ақ техникалық факультет, экономика факультеті, жаратылыстану факультетінің студенттері үшін жоғары математикалық курстарды оқытуды қамтамасыз етеді.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, мамандардың  сапалы дайындығы үшін оқу-әдістемелік құжаттар: пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін, лекциялар мен практикалық (семинарлық) оқу әдістемелік нұсқауларын, әдістемелік құралдарды әзірлеп, жыл сайын жаңартып отырады.

Дәрістік сабақтар мен практикалық сабақтарды өткізу кезінде кафедра оқытушылары пікірталас әдісі, «Зияткерлік брейн-ринг», «Математикалық шайқас» рөлдік ойындар, проблемаларды талқылаудың топтық әдісі, жеке тапсырмалар және т.б. инновациялық технологиялар мен әдістерді қолданады.

Кафедра оқытушылары жыл сайын қайта даярлау және біліктілікті арттыру институттарында, қысқа мерзімді курстарда, оқу-әдістемелік семинарларда біліктілігін арттыру курстарынан өтеді. Соңғы екі жылда 12 оқытушы Қағазбаева А.К., Абдикаликова Г.А., Кокотова Е.В., Қайдасов Ж.К., Кемаладдинова У.У., Тұрғанбаев А.Т., Отаров Х.Т., Сарман А.Д., Иманчиев А.Е., Султангалиева Л.С., Мақсұт Т.Ә., Исабергенова Ж.Т. ««Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы» оқытушылары ұйымдастырған курстарды аяқтады.

Кафедраның профессор-оқытушылары бірқатар жаңа элективті курстар ұсынған. Олардың мазмұны педагогикалық, инновациялық, әдістемелік, математикалық сауаттылық  бағыттар бойынша құрылып, мектеп курсымен байланысты болу талаптарына сәйкес келеді. Үштілділік бағдарламасын іске асыру мақсатында оқу үрдісіне ағылшын тіліндегі элективті курстар енгізілген.

5В060100 – Математика, 5В010900 – Математика мамандықтарында таңдау компоненттері бойынша  ағылшын тілінде  Applications of  Differential equations, Practical solutions of problems of  elementary mathematics, Practical solutions of problems of  higher mathematics, Practicum on solving problems of  geometry курстары жүргізіледі.

Кафедраның оқытушылары оқыту процесінде Блум таксоманиясы, интербелсенді оқыту әдістемесі және профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын және де оқытудың жаңа инновациялық технологияларын пайдаланады. Мысалы, 2016-2017 оқу жылында педагогикалық тәжірибе кезінде жинақтаған тәжірибесімен кафедра оқытушысы М.А.Тлеубергенова университет оқытушыларының арасында өткен «Ең үздік

2017-2018 оқу жылында университет оқытушылары арасында ұйымдастырылған «Ең үздік ашық сабақ» конкурсында магистр З.Т.Нугаева 1-ші орын, ал магистр Ж.Т.Исабергенова 2-ші орын иеленді.

2017-2018 оқу жылында Астана қаласында «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығымен 17 номинация бойынша  Республикалық педагогикалық конкурс өтті. Физика-математика ғылымдарының кандидаты, математика кафедрасының доценті А.У.Бекбауова «Лучшая презентация к занятию» номинациясы бойынша конкурсқа қатысты. Конкурста «Алгебра и геометрия» пәні бойынша «Эллипс және оның қасиеттері» тақырыбындағы презентациясы  көрсетілді. Конкурс қорытындысы бойынша А.У.Бекбауова 1-орынды иеленді.

Кафедра әртүрлі ғылыми бағыттар бойынша зерттеулер жүргізеді:

  1. Жоғары мектеп пен орта мектепте математиканы оқытудың заманауи мәселелері.
  2. Математиканы оқытудағы жаңашыл педагогикалық технологиялар.
  3. Дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика.
  4. Дифференциалдық геометрия.
  5. Математикалық талдау
  6. Алгебра және сандар теориясы.

Кафедраның ғылыми жұмысы ҚР Білім және ғылым министрлігінің іргелі зерттеулерге арналған гранттарымен жүзеге асырылады. 2013-2015 жылдар аралығында, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор К.К. Кенжебаев, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Сартабанов, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор А.Б. Бержанов, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Г.А. Абдикаликова  ҚР БжҒМ гранты бойынша 2013-2015 жылдарға арналған № 0113РК00686 базалық зерттеу бағдарламасы шеңберінде «Дифференциалдық теңдеулер жүйелерінің кейбір аналитикалық және мерзімді-шекаралық есептерін сапалы зерттеу» тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізді.

Соңғы 3 жылда кафедра оқытушылары 50 ғылыми-әдістемелік мақала жариялады. 20-ға жуық оқулық баспадан шықты. Оның ішінде ф.-м.ғ.к., профессор Ж.Қайдасов пен п.ғ.д., профессор А.К.Қағазбаеваның 15-тен аса  оқулықтары жарық көрді. Сонымен қатар кафедра оқытушылары  көптеген халықаралық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасады.

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор  Ж.А. Сартабановтың жетекшілігімен кафедрада «Қолданбалы математика және информатика мәселелері» атты ғылыми семинар тұрақты түрде өтіп тұрады.

Кафедрада п.ғ.д., профессор А.Қағазбаеваның жетекшілігімен «Математиканы оқыту әдістемесі бойынша ғылыми зерттеудің әдіснамасы» тақырыбында ай сайын семинар өтіп тұрады. Семинардың мақсаты –математиканы оқыту әдістемесі бойынша ғылыми зерттеудің ерекшеліктерін зерделеу

Студенттер мен магистранттар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен тұрақты түрде айналысады.

Математика кафедрасында физика – математика ғылымдарының кандидаттары, доценттер Т.Т. Шерияздан мен А.Е. Иманчиевтің «Алгебра және анализ, сандар теориясы, геометриядағы қиындығы жоғары есептер» тақырыбындағы студенттерді олимпиадаға дайындауға арналған ғылыми үйірмесі бар. Үйірменің үздік мүшелері жыл сайын пәндік Республикалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды  иеленіп келеді.

Математика кафедрасы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университетінің жетекші кафедраларының бірі болып табылады. Кафедра Украина, Беларус, Ресей, Түркия, Болгария, Өзбекстан және Қазақстан Республиканың ғылыми орталықтармен кең көлемде байланыс жасауда.

М.У.Ахметов ф.-м.ғ.д, профессор. Middle East Technical University, Ankara, TURKEY

Кафедра облыстық білім беру орталықтарымен байланыс орнатады. Кафедра оқытушылары мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру курстарында дәрістер оқиды, сондай-ақ тұрақты түрде қала мектептерінде консультациялар жүргізеді. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы жыл сайын республикалық, облыстық және қалалық математика пәні бойынша оқушылардың олимпиадаларын, Кіші Ғылым Академиясының Ақтөбе филиалының ғылыми-практикалық конференциясын өткізуге белсене қатысады.

Кафедра бірқатар халықаралық конференцияларды ұйымдастыруға жетекшілік етеді. 1996 жылдан бастап, әр 3 жыл сайын университеттің физика-математика факультетінде дәстүрлі түрде «Дифференциалдық теңдеулер, талдау және алгебра мәселелері» атты Халықаралық ғылыми конференция өткізіледі.

«Дифференциалдық теңдеулер, талдау және алгебра мәселелері» атты VIII Халықаралық ғылыми конференцияның қатысушылар.  Ақтөбе, қараша 2018.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ә.К.Қағазбаеваның 70 жылдық мерейтойына арналған «Математикалық білім: жағдайы, проблемасы, перспективасы» атты халықаралық форум

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы