Математика кафедрасы – Материалдық-техникалық база

Математика кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Материалдық-техникалық база

Оқу үдерісі барлық қажетті материалдармен, дербес компьютерлермен және интерактивті тақтамен жабдықталған физика-математика факультетінің арнайы кабинеттерінде және дәріс залдарында ұйымдастырылған.

Мамандық студенттері кітапханадағы ғылыми, оқу және анықтамалық кітаптарға қол жеткізе алады. Кафедрада және университет кітапханасында кафедра оқытушылары әзірлеген оқу-әдістемелік материалдар бар.

Кафедраның студенттері мен магистранттары Қ.Жұбанов атындағы АӨУнің  құрылымдық бөлімшесі болып табылатын қолданбалы математика және информатика ғылыми-зерттеу орталығында өндірістік және ғылыми тәжірибелерден өту мүмкіндігіне ие.

2017-2018 оқу жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Д.У.Үмбетжанов атындағы аудитория менматематиканы оқытудың теориясы мен әдістемесікабинеті, сонымен қатар математика кафедрасының филиалдары мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатында, «Білім-инновация» лицейінде және үштілді № 21.мектеп-гимназияларынан ашылды:

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, физика математика ғылымдарының докторы, профессор Д.У.Үмбетжанов атындағы кабинет

Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі кабинеті

Көп тілділік оқыту кабинеті.

Студенттік  ғылым мен  тәжірибенің  өндіріспен байланысын күшейту мақсатында 2019-2020 оқу жылында кафедраның тәжірибе орталықтары болып саналатын ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика бойынша Ақтобе облыстық Комитетінің статистика департаментінің базасында, Ақтөбе қалалық «Сбербанк» акционерлік қоғамы  филлиалында,сонымен қатар Шұбарқұдық мектеп-гимназиясында, Қарауылкелді орта мектебінде және №3 Ақтөбе орта мектебінде  филиалдары ашылды.

6В05401-Математика  мамандығының  4-курс студенттері мен кафедра оқытушылары Ақтөбе қаласындағы  «СБЕРБАНК» акционерлік қоғамының филиалында практикалық сабақта

5В010900-Математика мамандығының студенттері үшін кафедра филиалында

«Критериалды бағалау технологиялары» пәні бойынша мектептегі  практикалық сабақ

2019-2020 оқу жылы қолданбалы программалар пакеттерімен жабдықталған  ағымдық мәліметтерді   зертхана ашылды.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы