Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы – Кафедра тарихы

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Кафедра тарихы

«Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы университеттің негізгі құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оқытылатын пәндердің негізгі бағыты техникалық, экономикалық және т.б. мамандықтардың арнайы пәндерін сапалы меңгеру үшін ақпараттық технологиялардың іргелі негіздерін оқытуды қамтамасыз етумен тығыз байланысты.

«Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы жоғары оқу орындарына арналған мемлекеттік жалпыға білім беру стандартын негізге ала отырып, төмендегі мамандықтар бойынша мамандар даярлайды:

БАКАЛАВРИАТ:

  • 6В01503 ИНФОРМАТИКА
  • 6В01510 ФИЗИКА-ИНФОРМАТИКА
  • 6В06103 ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
  • 6В06105 КОМПЬЮТЕРЛІК ИНЖЕНЕРИЯ
  • 6B06106 IT МЕДИЦИНА

МАГИСТРАТУРА:

  • 7М01503 ИНФОРМАТИКА (магистр, ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша оқу мерзімі 2 жыл)
  • 7М06102 АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР (магистр, ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша оқу мерзімі 2 жыл)
  • 7М06103 ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ (магистр, ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша оқу мерзімі 2 жыл)

Кафедра заманауи компьютерлік техниканы, кәсіпорынның қызметін автоматтандыратын бағдарламаларды әзірлеу үшін алгоритмдік тілдер және бағдарламалау технологияларын қолдана алатын,  Интернет желісі үшін Web-қосымшаларын құру, компьютерлік желілерді әкімшілік ету, мультимедиялық, гипермәтіндік және клиент-серверлік, мобильдік қосымшаларды, интеллектуалдық оқыту жүйелерін, толықтырылған және виртуалды шындық жүйелерін әзірлей алатын бакалаврларды даярлап шығарады.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы университетте жүзеге асырылатын барлық дайындық бағыттары бойынша «Информатика» және «Ақпараттық технологиялар» пәндері бойынша оқу процесін қамтамасыз етеді. Білім беру және педагогикалық қызметті жүзеге асыру барысында әртүрлі әлеуметтік-өндірістік жағдайларда білім алушылардың кәсіби қызметке қабілеттілігі мен даярлығын дамытуға бағытталған оқу процесінің заманауи құзыреттілік нысандары мен әдістері қолданылады.

2019-2020 оқу жылында «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасында бакалавриат бойынша 3, магистратура бойынша 2 білім бағдарламасы ашылды: 6В01509 Математика-Информатика, 6В01510 Физика-Информатика, 6В06105 Компьютерлік инженерия, 7М01503 Информатика, 7М06103 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету.

2019-2020 оқу жылының 1 Қыркүйек – Білім күнінде «ҮЗДІК КАФЕДРА» номинациясы бойынша «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы  II орын иеленіп, 2 моноблокка ие болды.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы