Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы – Кафедра тарихы

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Кафедра тарихы

Информатика және ақпараттық технологиялардың университеттің негізгі құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оқытылатын пәндердің негізгі бағыты техникалық, экономикалық және т.б. мамандықтардың арнайы пәндерін сапалы меңгеру үшін ақпараттық технологиялардың іргелі негіздерін оқытуды қамтамасыз етумен тығыз байланысты.

«Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы жоғары оқу орындарына арналған мемлекеттік жалпыға білім беру стандартын негізге ала отырып, төмендегі мамандықтар бойынша мамандар даярлайды:

БАКАЛАВРИАТ

  • 5В011100-Информатика;
  • 5В060200-Информатика;
  • 5В070300-Ақпараттық жүйелер;
  • 5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету;
  • 5В070500-Математикалық және компьютерлік модельдеу;
  • 6B01509 – Математика-Информатика
  • 6В06105- Компьютерлік инженерия

МАГИСТРАТУРА

  • 6М060200-Информатика (магистр, ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша оқу мерзімі 2 жыл және бейіндік бағыт бойынша оқу мерзімі 1 жыл);
  • 6М070300-Ақпараттық жүйелер (магистр, ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша оқу мерзімі 2 жыл және бейіндік бағыт бойынша оқу мерзімі 1,5 жыл).
  • 6М011100 – Информатика(магистр, ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша оқу мерзімі 2 жыл және бейіндік бағыт бойынша оқу мерзімі 1,5 жыл).
  • 6М070400 – Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету(магистр, ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша оқу мерзімі 2 жыл және бейіндік бағыт бойынша оқу мерзімі 1,5 жыл).

Кафедра заманауи компьютерлік техниканы пайдаланатын, кәсіпорынның қызметін автоматтандыратын бағдарламаларды әзірлеу үшін алгоритмдік тілдер және бағдарламалау технологияларын қолданатын бакалаврларды даярлап шығарады, Интернет желісі үшін Web-қосымшаларын құру, компьютерлік желілерді әкімшілік ету, мультимедиялық, гипермәтіндік және клиент-серверлік, мобильдік қосымшаларды, интеллектуалдық оқыту жүйелерін, толықтырылған және виртуалды жүйелерді құратын бакалаврларды даярлайды.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы университеттің барлық бағыттары бойынша «Информатика» және «Ақпараттық технологиялар» пәндері бойынша оқу үрдісін қамтамасыз етеді. Білім беру және педагогикалық қызметті жүзеге асыру барысында заманауи құзыреттілік түрлері мен оқыту үрдісінің әдістері қолданылады, олар өз кезегінде әр түрлі әлеуметтік-өндірістік жағдайларда білім алушылардың мүмкіншіліктері мен даярлығын кәсіби тұрғыда қалыптастыруға негізделген.

2017-2018 оқу жылында «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы бакалавриат және магистратура даярлайтын 7 бағыт бойынша аккредитациядан сәтті өтті.

2019 жылдың НААР агентігі рейтингсі бойынша «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының 5В070500-Математикалық және компьютерлік модельдеу  білім бағдарламасы– 3орын иеленді.

2019-2020 оқу жылында «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасында бакалавриат бойынша 2, магистратура бойынша 2 білім бағдарламасы ашылды. Олар: 6B01509 – Математика-Информатика, 6B01510 – Физика-Информатика , 6В06105- Компьютерлік инженерия, 6М011100 – Информатика және  6М070400 – Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету.

2019-2020 оқу жылының 1 Қыркүйек – Білім күнінде “ҮЗДІК КАФЕДРА” номинациясы бойынша “Информатика және ақпараттық технологиялар ” кафедрасы  II орын иеленіп, 2 моноблокка ие болды.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы