Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы – Жетістіктер

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Жетістіктер

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының 2019-2020, 2020-2021, 2021-2022 жылдардағы жетістіктері

ББ пәндер бойынша оқулықтарды, оқу әдістемелік кешендер мен құралдарды әзірлеу, сараптама жасау және басып шығару жағдайы. ПОҚ ның соңғы бес жылдағы оқулықтары, оқу құралдары, оқу әдістемелік кешендері

Баспадан шыққан оқу-әдістемелік өнімдер:

2016-2017 жж.

2018-2019 жж.

2019-2020 жж.

2020-2021 жж.

2021-2022 жж.

Республикалық оқу-әдістемелік Кеңестен баспадан шығаруға ұсынылған оқу құралдары

Профессор-оқытушылар құрамының патент, авторлық куәлік алуы, өнертабысқа өтінім беруі (көшірмелері)

2019-2020 жж.

2020-2021 жж.

2021-2022 жж.

Үздік оқытушылар:

Гранттық жобалар:

Студенттердің жетістіктері

Ғылыми-зерттеу жұмыстарына студенттер белсене араласады. 2011ж. Ақпараттық жүйелер мамандығының 4-курс студенттері Зулкашев А.Б. «Табиғи, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысы» республикалық байқауының жеңімпазы атанды және М.Қабылов ҚР ЖОО студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған республикалық конкурс қорытындылары бойынша ІІ дәрежелі дипломға ие болды. 2013 жылы Ақпараттық жүйелер мамандығының 4-курс студенті М.М.Молдабеков ТМД елдерінің студенттерінің «Идея бар!» ғылыми-шығармашылық фестивалінде  «Технологиялар және прогресс» номинациясы бойынша 1 дәрежелі диплом иегері атанды. 2014 жылы  Ақпараттық жүйелер мамандығының 4-курс студенті Н.Сүндет ҚР ЖОО студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған республикалық конкурста ІІ дәрежелі диплом иегері болды.

Техникалық кибернетика саласы бойынша 5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенті Б.С.Шоқанов 2012 жылдың 5-7 қазан аралығында РФ-ның Челябі қаласында ұйымдастырылған тәжірибеден өтіп келді.

2013 жылы ««Экспо-2017» балалардың көзімен» тақырыбы шеңберіндегі «Мектеп табалдырығынан ғылымға» атты ғылым және техниканың халықаралық ғылыми-тәжірибелік форумы аясындағы көрме байқауында 5В070400–«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 4 курс студенті Шоқанов Бауыржан «Робототехника және ақпараттық технологиялар» номинациясының жеңімпазын дайындағаны үшін ҚР білім және ғылым министрлігінің Грамотасымен марапатталды.

2014 жылы 27-30 наурыз аралығында Алматы қаласындағы Сүлеймен Демирел университетінде «Infomatrix-Asia&Pacific 2014» Халықаралық жобалар олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Азия және Тынық мұхит елдерінен жиырма жеті елдің өкілдері қатысты. 5В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»  мамандығының 4 курс студенті Шоқанов Бауыржан «Робототехника» категориясы бойынша күміс жүлде иегері атанды.

Студенттердің кейбір ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері өндірісте қолданылып та келеді. Мысалға, 5В070400–«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенттері И.Колесник пен Р.Карасаев бірлесіп дайындаған Ақтөбе қаласындағы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тестілеу жүйесі сәйкес мекемеде енгізіліп, қызметкерлерді аттестациялау мақсатында қолданылуда.

5В070400– «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандының 4 курс студенті Сексенбаев Райымбек 2014 жылы университет қабырғасында ғылыми апталық аясында өткен программалар конкурсында І орынға иегері.

2015 жылы  Орал каласында  өткен «KompAs-2015» студенттер мен оқушылардың IT-жұмысы Халықаралық  конкурсында 5В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3 курс студенті Бексултанова Эльнура «Web-дизайн және технология» бағыты бойынша 1 орын иегері болды, 5В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 4  курс студенті Колесник Иван «Кәсібилік үшін» номинациясын, 5В070400- «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3 курс студенті Тулебаев Азамат  «Креативті жоба» номинациясын иеленді.

2018 жылы  Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Астана -елімнің жүрегі» атты республикалық жастар арасында ұйымдастырылған шығармашылық байқаудың  5В070300 –«Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3 курс студенті Биарыстанова Камила бас жүлде иегері атанды.

2018 ж Павлодар қаласында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» — «Серпін» әлеуметтік жобасы студент жастарының арасында Республикалық «Мені шыңдаған Серпін» кәсіби шеберлік байқауына 5В070300 –«Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3 курс студенті Хожахмет А.С. 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.

5В070300 – «Ақпараттық жүйелер»,  5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және 5В070500 – «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығының студенттері жыл сайын университетте өткізілетін ғылыми апталық аясында программалау бойынша олимпиадаға, программалар конкурсына және студенттік конференцияға белсене қатысады.

Пән бойынша Республикалық студенттік олимпиада жүлдегерлері (2015 – 2019 ж.):

  1. Абдулла БекзатханРобототехника бойынша облыстық чемпионатта І орын, 2019
  2. Бедер Асқар Алматұлы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары  студенттерінің VIІI Республикалық олимпиадасында ІІІ орын, Абай атындағы ҚазҰПУ, 2016 ж.
  3. Солодовников Артем Александрович –Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің VIІI Республикалық олимпиадасында ІІІ орын, Абай атындағы ҚазҰПУ, 2016 ж.
  4. Махсотов Мират Сабырұлы –Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің VIІI Республикалық олимпиадасында ІІІ орын, Абай атындағы ҚазҰПУ, 2016 ж.; Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің IХ Республикалық олимпиадасында ІІІ орын, Х. Досмухамедов атындағы АМУ, 2017 ж.
  5. Поляков Александр Дмитриевич– ҚР ЖОО студенттері арасындағы VII Республикалық олимпиадада ІІ орынАхмет Яссауи, 2015, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің VIІI Республикалық олимпиадасында ІІІ орын, Абай атындағы ҚазҰПУ, 2016 ж, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің IХ Республикалық олимпиадасында ІІІ орын, Х. Досмухамедов атындағы АМУ, 2017 ж.
  6. Раманкулов Асхат Асылбекович– Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің Программалау бойынша олимпиадасы ІІІ орын, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, 2017 ж., Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің IХ Республикалық олимпиадасында ІІІ орын, Х. Досмухамедов атындағы АМУ, 2017 ж.
  7. Мұртаза Ш.М., Есетов Ә.Б., Бисенғали Б.Ж. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің Х Республикалық олимпиадасында ІІ орын, Ақтау қаласы  Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті , 2018 ж.
  8. Умирзакова Бану, 2 орын, қосымшаларды әзірлеу бойынша IT мамандардың форумы, IT HUB COWORKING CENTER
  9. Хожахмет А. С. “Серпін” әлеуметтік жобасы аясында оқитын студенттер арасындағы кәсіби шеберлік байқауында ІІ дәрежелі диплом, 2018 ж.

Пән бойынша Халықаралық олимпиада ж.( 2015 – 2018 ж.)

  • Илюпова Айнур Абдысадыковна –Информатика және ақпараттық технологиялар даярлау бағыты бойынша халықаралық дипломдық жобалар сайысы IІI орын, Козьма Минин атындағы НГПУ им., 2016 ж.
  • Карибозина Шұғыла Карибозқызы – «Возможности использования программы LEARNINGAPPS.ORG в учебном процессе» баяндамасымен конференцияға қатысқаны үшін ІII дәрежелі Диплом, И.А. Бунин атындағы ЕМУ, 2017 ж.
  • Раманкулов Асхат Асылбекович – «Интеллект-карты» Ақпараттық технологиялар IV Бүкілресейлік сайысқа қатысып, «Жоғары білім беру» топтарының арасындағы қатысушылар арасында 3 орын, Екатеринбург қ., 20.02-13.03.2017 ж.
  • Сапарова Алтынгүл – «Ғылым және білім-2017» XII Халықаралық ғылыми конференция, II дәрежелі диплом, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2017 ж.
  • Төлеген Ақерке Қайратқызы – «Возможности использования программы LEARNINGAPPS.ORG в учебном процессе» баяндамасымен конференцияға қатысқаны үшін ІII дәрежелі Диплом, И.А. Бунин атындағы ЕМУ, 2017 ж.
  • Хамзин Дархан – Информатика және ақпараттық технологиялар даярлау бағыты бойынша халықаралық дипломдық жобалар сайысы IІI орын, Козьма Минин атындағы НГПУ им., Нижний Новгород, 2015 ж.

6М070300 мамандығының магистрантының шетел елдік ғылыми тағылымдамасы, Карлов университеті, Чехия

6М070300 мамандығының магистранттарының шетел елдік ғылыми тағылымдамасы, Пермь ұлттық зерттеу политехникалық университеті  (Пермь қ., Ресей).

6М070300-Ақпараттық жүйелер, 6М060200-Информатика мамандықтары магистранттарының шетел елдік ғылыми тағылымдамасы, Әулие Климент Охридский атындағы София университеті (Болгария). 

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы