Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы – Оқу және ғылыми қызметі
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
Оқу және ғылыми қызметі
Кафедраның профессор-оқытушылары құрамына 10 ғылым кандидаты, 2 PhD докторы, 2 PhD докторанты және 22 ғылым магистрі кіреді.
Кафедраның оқытушылары докторантурада оқып жатыр, атап айтқанда:
Жумашев М.С. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана), мамандығы 8D06103-«Ақпараттық жүйелер»;
Раманқұлов А.А. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана), мамандығы 8D01511-«Информатика»;
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы келесі бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді:
- модельдеу және сандық анализ;
- ақпаратты қорғау;
- эксперттік бағалау;
- білім берудегі ақпараттық жүйелер;
- ақпараттық процестерді және жүйелерді басқару, тиімділеу және бағдарламалық қамтамасыз ету;
- дифференциалдық теңдеулер
- ОБП теориялық негіздері мен әдістері;
- математикалық модельдеу мен талдаудың шешімдерінің қолданбалы әдістері;
- білім беру жүйесін ақпараттандыру және информатиканы оқыту әдістері;
- ЭБР бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеу;
- ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік;
- нейрон желілері және анық емес логика теориясы.
Халықаралық қатынастар
Кафедра ұжымы республика ішіндегі, сол сияқты жақын шет елдердегі алдыңғы қатарлы ЖОО-мен және ҒЗИ-мен: Л. Гумилев атындағы ЕҰУ (Астана қ.), Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қ.), ҚР ҒжБМ Сейсмология институты (Алматы қ.), Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ.), Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (Алматы қ.), Қазақстан–Британ техникалық университеті (Алматы қ.), Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Ақтау қ.), СБ РҒА Жаңа технологиялар институты (Новосибирск қ., Ресей), Т. Шевченко атындағы УҰУ (Киев қ., Украина), Орынбор мемлекеттік университеті (Орынбор қ., Ресей), Пермь ұлттық зерттеу политехникалық университеті (Пермь қ., Ресей), т.б. салалық ғылыми-зерттеу институттарымен, жоғары технологиялар нарығындағы беделді ресей фирмаларымен, шетел университеттерімен байланыста.
Кафедрада қызметкерлердің кәсіби және ғылыми деңгейлерінің өсуіне үнемі көңіл бөлініп отырады, оның айғағы әр түрлі деңгейдегі конференция материалдарында оқытушылардың ғылыми мақалалары мен тезистерінің жариялануы.
«Информатика және АТ» кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген оқу-әдістемелік семинарлар
Халықаралық семинарлар
Республикалық семинарлар
Академиялық ұтқырлық
Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында кафедрада жүйелі түрде ұйымдастыру жұмыстары атқарылуда.
Атап айтқанда, студенттер мен макгистранттарды бағдарламамен таныстыру және қатыстыру мақсатында кездесулер, дөңгелек стөлдер, жиналыстар әр оқу жылында өткізілуде. Іс-шараларға халықаралық ынтымақтастық орталығынан мамандар шақырылып қатыстырылады.
ХАҰ бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында факультетте іс-шаралар жоспарлы түрде үздіксіз жыл сайын ұйымдастырылады. Кафедраның барлық білім бағдарламаларында(ББ) оқитын 1-ші курс студентерімен онлайн-кездесулер ұйымдастырылып, академиялық ұтқырлық бағдарламасы таныстырылды.
Шетелдік ЖОО-дарын таңдау, сол елдің тілін алдын-ала меңгеру және бағдарламаға қатысу талаптары түсіндірілді. Кездесулерде факультет координаторы А.О.Жайлыбаеваның және кафдера координаторы А.Т.Байбактинаның шақыруымен халықаралық байланыс орталығының әдіскері А.А.Кулманова қатыстырылып, толыққанды пікір алмасу ұйымдастырылып отырады.
Нақты елдегі қалаған ЖОО-да білім алу, арнайы үш кезеңдік конкурстарға қатысу талаптары, қажетті құжаттарды дайындау талаптары талқыланды.
Ұлттық және халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуға барған және келген біілімгерлер жөніндегі мәліметтер төмендегі кестелерде келтірілді.
Сонымен қатар, Профессор-оқытушылар құрамының(ПОҚ) академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу жайы туралы да кестелік және нақты мағұлматтар төменде келтірілді.
Кестеде келтірілген мәліметтерден аңғарғанымыздай АҰ бағдарламасын жүзеге асыруға үміттенгенмен әлемде орын алған пандемия әсеріне байланысты жүзеге асырылмағаны айқын.
Кафедра келесі ЖОО-мен академиялық ұтқырлық аясында байланыс жасайды:
- Әулие Климент Охридский атындағы София университеті (Болгария);
- Ақпараттық технологиялар, механика және оптика Санкт-Петербург ұлттық зерттеу университеті (Ресей);
- «Дубна» мемлекеттік университеті (Ресей);
- Москва мемлекеттік педагогикалық институты (Ресей);
- РФ ҒА «Басқару мәселелері» институты (Ресей);
- ӨР ҒА Математика институты (Өзбекстан Республикасы) және магистранттар келесі ЖОО-да ғылыми-зерттеу тәжірибелерінен өтеді:
- Карлов университеті (Чехия);
- Орынбор мемлекеттік университеті (Ресей);
- Пермь ұлттық зерттеу политехникалық университеті (Ресей).
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА:
2020-2021 оқу жылы:
- Томск қаласының ұлттық зерттеу политехникалық университетімен білім саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумы аясында, 2020 жылдың 19.10-25.12 аралығында техника ғылымдарының докторы, доцент Филипас Александр Александрович «Сенсорлық технологиялар және жасанды интеллект»пәні бойынша онлайн дәріс оқыды.
- Томск қаласының ұлттық зерттеу политехникалық университетіарасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумы аясында 2020-2021 оқу жылының ІI жартыжылдығына білім беру қызметіне шетелдік мамандарды тарту мақсатында 2021 жылдың 25 қаңтарынан 7 мамыр айларының аралығында техника ғылымдарының кандидаты, доцент Филипас Александр Александровичты «Мобильді оқыту технологиялары» пәні бойынша онлайн дәріс (1 кредит) оқуда.
- Әулие Климент атындағы София университеті арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумы аясында 2020-2021 оқу жылынның ІI жартыжылдығына білім беру қызметіне шетелдік мамандарды тарту мақсатында 2021 жылдың 25 қаңтарынан 14 мамыр айларының аралығындашақырылған профессор Владимир Димитров «Нақты уақыт жүйелері үшін программалық қамтамасыз етуді құру технологиялары»мен «Үлкен мәліметтерді көп өлшемді талдау» пәндері бойынша онлайн дәрістерді оқуда.
ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА:
2020-2021 оқу жылында:
Келген оқытушы-ғалымдар:
- Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің Ғылым және технологиялар факультетінің оқытушысы п.ғ.к. Р.С.Шуакбаева 29.03.2021-09.04.2021ж.ж. аралығында күндізгі оқу бөлімінің білім алушыларына онлайн түрде дәріс оқиды.
Барған оқытушы-ғалымдар:
- Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті менҚ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті арасында жасалған келісім-шарт аясында 22.02-11.04.2021ж. аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде 6B01503 – Информатика мамандығына доцент, ф.-м.ғ.к. М.М.Ерекешеваны «Компьютер архитектурасы, желілер және ақпаратты қорғау», «Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқытудың әдістемесі» пәндерінен, дәріс оқуға жоспар құрылған.
Академиялық ұтқырлыққа 2021-2022 оқу жылында қатысқан студенттер
Халықаралық академиялық ұтқырлық, І жартыжылдық
Шығыс
Ұлттық академиялық ұтқырлық, ІІ жартыжылдық
Кіріс
Ұлттық академиялық ұтқырлық, ІІ жартыжылдық
Академиялық ұтқырлыққа 2022-2023 оқу жылында қатысқан студенттер
Халықаралық академиялық ұтқырлық, І жартыжылдық
Ұлттық академиялық ұтқырлық, ІІ жартыжылдық
Электрондық оқу ресурстарын әзірлеу және жариялау
Ерекешева Меруерт Мыңтұрғанқызы
Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:
Байганова Алтынзер Мынтургановна
Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:
- Информатиканы оқыту әдістемесі
- Информатиканың теориялық негіздері
- Білім берудегі цифрлық технологиялар
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы