Физика кафедрасы – Жетістіктер
Физика кафедрасы
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
Жетістіктер
Кафедраның профессор-оқытушы құрамының жетістіктері:
- 2020 жылы ф.-м. ғ.к., физика кафедрасының доценттері Мясникова Л. Н., Бекешев А. З., Сагимбаева Ш. Ж., Жантурина Н.Н. қауымдастырылған профессор атағын алды.
- Кафедра оқытушысы, магистр Қалиев А. М. “SMART-КУРАТОР – 2020” байқауында «КӨРЕРМЕНДЕР КӨЗАЙЫМЫ» номинациясымен марапатталды.
- 2020 жылы ф.-м..ғ.д., профессор Қуанышбек Шункеев «Ғалым» номинациясы бойынша «Алтын Адам» -2020 сыйлығының лауреаты болды
- Кафедра оқытушылары ф.-м.ғ.д., профессор Спивак-Лавров И.Ф. және қауымдастырылған профессор Бекешев А.З. «ЖОО ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ-2020» республикалық сайысында жүлдегер атанды.
Соңғы 5 жылдағыстуденттердіңжетістіктері:
- 2ФҚБ мамандығының студенті Жақсылықов Мақсат ІІ- республикалық студенттік пәндік олипиадасының 2-ші кезеңінде 3 орын иеленді, Әль Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласы, 2019 ж.
- 1ФҚБ мамандығының студенті Қабас Әділет ІІ- республикалық студенттік пәндік олипиадасының 2-ші кезеңінде 3 орын иеленді, Әль Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласы, 2019 ж.
- 2ФҚБ мамандығының студенті Кылычмұрадова Меруерт Республикалық студенттік пәндік олипиадасында 3 орын иеленді, Әль Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласы, 2020 ж.
Кафедра филиалдары:
- Облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп интернаты;
- Үш тілде оқытатын №21 мектеп- гимназиясы;
- «Алға мектеп-гимназиясы» КММ;
- «Шұбарқұдық гимназиясы» КММ;
- “Ақтөбе облыстық планетарийі”.
- «Новый орта мектеп-лицейі» КММ;
- «Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі».
2019-2020 оқу жылында келесі ғылыми үйірмелер ашылды:
- «Физикалық зерттеудің әдістері мен құрылғылары». Жетекшісі – аға оқытушы, магистр Төремұрат А.Х.
- «Физикадан олимпиадалық есептер шығару». Жетекшісі – аға-оқытушы Таскалиев А.К.
2018-2019 оқу жылының Ғылым апталығы аясында студенттер мен магистранттар келесі номинациялар бойынша жүлдегер атанды:
- Үздік магистрант, 1 орын, Сулейменов Б.
- Үздік магистрант, 2 орын, Нурмуханова А.
- Үздік студент, 1 орын Мухамеджан Т.
2019-2020 оқу жылының Ғылым апталығы аясында:
- Физика кафедрасы «Үздік кафедра» номинациясында 3-орын иеленді;
- Ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Мясникова Л. Н. «Үздік ғалым» атағын жеңіп алды;
- Оқытушы, магистр Истляуп А. С. «Үздік жас ғалым» номинациясында 2-орын алды;
- «6В05301-физика» мамандығының 4 курс студенті Мухамеджан Т. «Үздік студент» номинациясын жеңіп алды;
- Кафедра докторанттары Убаев Ж. К. және Шугаева Т. «Үздік докторант» номинациясы бойынша жүлделі орындарға ие болды.
2019-2020 оқу жылындағы «Интерактивті түрдегі үздік ашық сабақ» байқауы қорытындылары бойынша кафедраның аға оқытушысы, физика магистрі Төремұрат А.Х. «Студенттердің топтық жұмысын шебер ұйымдастырушы» номинациясын иеленді.
2019-2020 оқу жылы
Aғылшын тіліндегі басылымдар:
- N.Zhanturina, L. Myasnikova, Fundamentals of Mechanics, Ақтөбе, 2018.
- G.Sh. Yar-Mukhamedova, K.Sh. Shunkeyev, N.N. Zhanturina, Ақтөбе, 2018.
- K.Sh. Shunkeyev, L. Myasnikova, N.N. Zhanturina, A. Tilep, Zh. Zinollin, English-kazakh-russian dictionary of physical terms, Ақтөбе, 2018.
- Мясникова Л.Н. , Electricity and magnetism, Ақтөбе, 2019.
- Жантурина Н.Н., Molecular physics, Ақтөбе, 2019.
Aға оқытушы Төремұрат А.Х. «Интерактивті түрде үздік ашық сабақ» конкурсына қатысып «Студенттердәі топтық жұмысын ұйымдастырушы шебер» номинациясын иеленді
5В060400-Физика мамандығының 2-курс студенті Қылычмұрадова М.Ж. Әл -Фараби ат. КазҰУ-де 2020 жылдың 20 наурызында өткізілген Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының ІІ кезеңінде физика мамандығы бойынша ІІІ орынды иеленді.
Жантурина Н.Н. Механика пәнінен (МООК) онлайн курс бағдарламасын жасақтады.
2020-2021 оқу жылы
- «ЖОО Үздік оқытушысы 2020» конкурсының нәтижесі бойынша физика кафедрасының оқытушылары: ф.-м.ғ.д., проф. И.Ф.Спивак-Лавров пен ф.-м.ғ.к., қауымд. проф. А.З.Бекешев ЖОО Үздік оқытушысы атанды.
- Кафедра доценттері ф.-м.ғ.к. Сагимбаева Ш.Ж., PhD докторы Жантурина Н.Н. және – ф.-м.ғ.к. Бекешев А.З. Қауымдастырылған профессор атағына ие болды.
- Шетелдік ғалымдарды білім беру процесіне тарту мақсатында Эстонияның Тарту университетінің физика институтының профессоры Лущик А.Ч. 5В011000-Физика мамандығының 4 курс студенттеріне «Физикалық зерттеу әдістері» пәнінен ағылшын тілінде, Италияның Оңтүстік Лациодағы Кассино университетің ректоры, инженерия профессоры Джовани Бетта 5В060400-Физика мамандығының 3 курс студенттеріне «Ақпараттық өлшеу техникасы» пәнінен ағылшын тілінде онлайн сабақтар өткізді.
- Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің Ғылым және технологиялар факультетінің оқытушысы доцент Л.У.Таймуратова 29.03.2021-09.04.2021ж.ж. аралығында күндізгі оқу бөлімінің білім алушыларына онлайн түрде «Мектептегі физикалық эксперименттің техникасы мен технологиясы», «Физиканы оқытудағы бағалаудың өлшемдік технологиялары» пәндерінен дәріс оқыды.
- 22.02-11.04.2021ж. аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде физика кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы З.К.Аймаганбетованы «Физикадағы пәнаралық байланыс», «Атомдық физика» пәндерінен Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде дәріс оқыды.
- Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агентінің шешімімен 6В05301 Физика және 7М05301 Физика білім бағдарламалары 7 жыл мерзімге, ал 6В01510 Физика –Информатика 8D05301 Физика білім бағдарламалары 5 жылға халықаралық аккредитациядан өтті.
- 2020 жылғы «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының ЖОО ББ рейтингінде 6В01502-Физика – ІІ орынды және 6В05301-Физика – ІІІ орынды иеленді.
- 2020 жылғы «НААР» рейтигісі бойынша 5В011000-Физика және 6М011000-Физика ББ-ры – І орынды және 5В060400-Физика, 6М060400-Физика және 7D060400-Физика ББ-ры – ІІ орынды иеленді.
- Білім мен тәжірибенің өндіріспен байланысын нығайту мақсатында:
- Кафедра оқытушысы А.А.Берстенова «Activ Inspire интерактивті бағдарламасы – көптілді топтарда шет тілі сабақтарында Soft CLIL қолдану үшін онлайн оқытудың үздік тренді” тақырыбы бойынша әдістемелік жобалар конкурсына белсенді қатысып, финалға жолдама алды. Осы конкурсқа қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
- 2020-2021 оқу жылында жоспарланған және баспадан шығарылған оқу құралдары:
- Спивак-Лавров И.Ф., Шарипов С.У., Шугаева Т.Ж. Электродинамика и теория относительности. Оқу құралы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). 2021 ж.
- Спивак-Лавров И.Ф., Құрманбай М.С.,Сарсенбаев Б.О. Физикадан олимпиадалық есептердің шешімдері (2019-2020). (қазақ, орыс тілдерінде) 2020 ж.
Физика кафедрасының 2021-2022 оқу жылы
- Кафедраның аға оқытушысы Ж.Қ.Убаевқа 2021 жылғы 14 желтоқсандағы №830 Комитет төрағасының бұйрығымен 6D060400-физика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
- Кафедра профессоры Шункеев К.Ш. Қазақстан Рестубликасы Ұлттық Инженерлік Академиясының корреспондент мүшесі болды.
- Қауымдастырылған доцент Ш.Ж.Сагимбаева «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы-2021» байқауының жеңімпазы атанды.
- Шетелдік ғалымдарды білім беру процесіне тарту мақсатында кафедраға Эстониядағы Тарту университетінің профессоры, ф.-м.ғ.д. А.Лущик қосымша қызметке алынды. Профессорға ғылыми Кеңесте Қ.Жұбанов ат. АӨУ-нің «Құрметті профессоры» медалі мен аттестаты табысталды.
2021 жылы” Атамекен ” Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының рейтингі бойынша 6В01502 – Физика – 2 орынды, 6В05301 -Физика – 3 орынды иеленді
физика кафедрасының аға оқытушысы, физика магистрі Төремұрат Айымгүл Хусейнқызы «Менің әдістемелік кеңістігім» әдістемелік марафоны аясында «Инновациялық әдістер жәрмеңкесін» ұйымдастырды. «Инновациялық әдістер жәрмеңкесі» өз тәжірибесін зерттеу әрекетін қамтитын бірден-бір құрал, оқытушы тәжірибесіндегі әдіс-тәсіл – іс-әрекеттегі практиканы зерттеу (Action Research) және оның нәтижесі ретінде ұйымдастырылды. Action Research – практиканы түсініп, реформалап, жақсартуға жасалған зерттеу қадамдары, бұл тәжірибе мамандары мәселелерді талқылап, шешетін тәсіл, ол оқытушыларға жоғары академиялық қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеудің тиімді әдістері мен стратегияларын табуға көмектеседі. Осы ретте оқытушы өз тәжірибесін түсіну және жетілдіру үшін өзін-өзі рефлексивті зерттеу процесіне қатыстырудың қыр-сырымен бөлісе отырып, зерттеу нәтижелері бойынша инновациялық әдістерден көрсетітілім жасады.
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы РОӘК ОӘБ ұйымдастыруымен өткен сараптама негізінде З.К. Аймаганбетованың «Электр және магнетизм» оқу құралы Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсынылды. Грифтің берілуі: «Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсынылған. Шешім: №1 хаттама, 16 наурыз 2022 жыл».
- Спивак-Лавров И.Ф., Сарсенбаев Б.О. Физикадан олимпиадалық есептердің шешімдері (қазақ, орыс тілдерінде) университеттің Академиялық кеңесінен өтіп, РОӘК-ке жіберілді.
- Таскалиев А.К., Таскалиева Ж.А. «Физиканы оқытудағы ІТ және цифрлық ресурстар» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулық университеттің Академиялық кеңесінен өтті.
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өткен 5В060400-Физика мамандығы бойынша Республикалық студенттік Олимпиаданың қорытындысы бойынша аға оқытушы Таскалиев А.К. жетекшілігімен 2 курс студенттері Таскалиев Б. – 2 орынды, Батырбаева Д. – 3 орынды иеленді.
- 20-21 сәуір аралығында ҚР ЖОО арасындағы «Физика мұғалімдерін даярлау» ББ бойынша Павлодар қаласында өткізілген ХІV Республикалық пәндік олимпиадасындва, 15 команданың ішінен аға оқытушы Убаев Ж.А. жетекшілігімен 5В01502-Физика ББ студенттерінен құралған команда 3 орынды иеленді.
- Кафедрада келесі үйірмелер жұмыс жасайды: “Физикалық зертеудің әдістері және құрылғылар” жетекшісі -Төремұрат А.Х. және “Физика пәні бойынша олимпиадалық есептерді шешу” жетекшісі – Таскалиев А.К.
Жетістіктер математика кафедрасы
Кафедра оқытушылары ерен еңбектері мен кәсіби жетістіктері үшін түрлі атақтар мен марапаттарға иеболды.
- Қазақ ССР-і халық ағарту ісінің озық қызметкері: ф.-м.ғ.д.,профессор Ж.А.Сартабанов
- ҚР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері:ф.-м.ғ.д.,профессор Ж.А.Сартабанов
- Еңбек ардагері:ф.-м.ғ.д.,профессор Ж.А.Сартабанов
- «Ы. Алтынсарин » төс белгісі:доцент С.И. Утарбаев,ф.-м.ғ.к.,доцент Ж.Қ.Қайдасов
- «ҚР Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі» ф.-м.ғ.д.,профессор Ж.А.Сартабанов
- «ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін»төсбелгісі: ф.-м.ғ.д.,профессор Ж.А.Сартабанов (2017), ф.-м.ғ.к., доцент Г.А.Абдикаликова (2017).
- «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» : Т.Т.Шерияздан (2009), ф.-м.ғ.к., доцент М.А.Тлеубергенова (2020)
- Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің құрмет грамотасы:ф.-м.ғ.д.,профессор Ж.А.Сартабанов, ф.-м.ғ.к.,доцентХ.Т.Отаров(2017), ф.-м.ғ.к.,доцент А.У.Бекбауова (2018).
- Қазақстан педагогикалық ғылымдар Академиясының мүшесі:ф.-м.ғ.к.,доцент Ж.Қ.Қайдасов
- Қазақстан педагогикалық ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі: ф.-м.ғ.к., доцент А.У.Бекбауова (2016).
- Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі:ф.-м.ғ.к., доцент Ж.Қ.Қайдасов (2017), ф.-м.ғ.к., доцент А.Е. Иманчиев (2017)
- Ресей жаратылыстану Академиясының профессоры: ф.-м.ғ.к., доцент Ж.Қ.Қайдасов
- “Сократ медалі”: ф.-м.ғ.к., доцент, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің профессоры Ж.Қ. Қайдасов (2019)
- “Александр Великий” ордені: ф.-м.ғ.к., доцент, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің профессоры Ж.Қ. Қайдасов (2019)
- “Құдайберген Жұбанов” медалі: п.ғ.д., профессор Ә.К. Қағазбаева (2020)
- «Қазақстанның еңбек сіңірген педагогы-2020» “Білім – ORKENIETI” ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының төсбелгісі: п.ғ.д, профессор Ә.К.Қағазбаева (2020), ф.-м.ғ.к., доцент, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің профессоры Қайдасов Ж.К. (2020)
- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 85 жылдығына орай мерекелік медалі : ф.-м.ғ.д, профессор Сартабанов Ж.А. (2020)
- «Университетті дамытудағы еңбегі» медалі: ф.-м.ғ.к., доцент А.Е.Иманчиев (2020)
- «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің еңбек ардагері» медалі: п.ғ.д.,профессор Ә.К.Қағазбаева(2019),ф.-м.ғ.к.,доцент Г.А.Абдикаликова(2020), ,ф.-м.ғ.к.,доцент,Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің профессоры Ж.Қ.Қайдасов (2020)
- “БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ” республикалық конкурстың жеңімпазы ф.-м.ғ.к., доцент, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің профессоры Ж.Қ.Қайдасов 1 дәрежелі диплом және төсбелгімен марапатталды.
- «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН – ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГ: ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты тамыз конференциясының жеңімпазы п.ғ.д., Қ. Жұбанов атындағы АӨУ-нің профессоры Ә.К.Қағазбаева 1 дәрежелі дипломмен және «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ» атты байқауының төсбелгімен марапатталды. (2022)
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының
2019-2020, 2020-2021, 2021-2022 жылдардағы
жетістіктері
2.7 ББ пәндер бойынша оқулықтарды, оқу әдістемелік кешендер мен құралдарды әзірлеу, сараптама жасау және басып шығару жағдайы. ПОҚ ның соңғы бес жылдағы оқулықтары, оқу құралдары, оқу әдістемелік кешендері
Баспадан шыққан оқу-әдістемелік өнімдер 2016-2017
Баспадан шыққан оқу-әдістемелік өнімдер 2018-2019
Баспадан шыққан оқу-әдістемелік өнімдер 2019-2020
Баспадан шыққан оқу-әдістемелік өнімдер 2020-2021
Баспадан шыққан оқу-әдістемелік өнімдер 2021-2022
Профессор-оқытушылар құрамының патент, авторлық куәлік алуы, өнертабысқа өтінім беруі (көшірмелері)
2019-2020
2020-2021 жж
1) Үздік оқытушылар:
2) Гранттық жобалар
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы