ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

09.04.2021ж. Қ.Жұбанов атындағы АӨУ «Ғылым апталығы» аясында Физика-математика факультетінің жоспарына сай «Физика» кафедрасының ұйымдастыруымен магистранттар арасында «Қазіргі таңдағы физиканың өзекті мәселелері» тақырыбында ZOOM платформасында ғылыми онлайн семинар өтті. Семинарға ЖОО профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, магистранттар, студенттер бас қосып, қазіргі таңдағы заман талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыруда физика пәнін жаңартылған білім бағдарламасы аясында оқыту әдістемесі, білім сапасын арттыруда өзекті мәселелері туралы ойларын ортаға салды.

Семинар барысында Шарипов Самат Уримбасарович – Назарбаев Зияткерлік мектебінің эксперт -мұғалімі, Тілеп Айжан – Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп интернаты, физика мұғалімі, Бегалин Бакытжан және Женісов Қуаныш – Қ.Жұбанов атындағы. Ақтөбе өңірлік университеті 7М01502-Физика мамандығының 1 курс магистранттары, Коптлеуова Майра – Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік университеті 7М01502-Физика мамандығының 2 курс магистранты және Ембергенов Жансултан – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті 7М05301-Физика мамандығының 1 курс магистранты семинар тақырыбы аясында өздерінің мазмұнды ғылыми баяндамаларын жасады.

Ғылыми онлайн семинар жұмысының жауапты ұйымдастырушылары «Физика» кафедрасының қауымдастырылған профессор, ф.м.ғ.к. Ш.Ж. Сагимбаева мен қауымдастырылған профессор, PhD Жантурина Н.Н.