КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ СЕКЦИЯ ЖҰМЫСЫ

Университетте өткізіліп жатырған «ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ – 2021» аясында 8 сәуір күні физика-математика факультетінде «Қазіргі заманғы зерттеулер аясында IT-технологиялар және физика-математика ғылымдарының мәселелері» ғылыми-практикалық конференциясының IT-бағытындағы секция отырысы жұмыс жасап, әр түрлі саладағы қолданыстары зерттелген қызықты баяндамалар тыңдалды. Конференцияға студенттер мен магистранттар тарапынан 35 мақала келіп түсті.  Бұл жұмыстарда қолданбалы программалық жабдықтарды құруға және онлайн оқыту жағдайында қолдануға арналған әр түрлі платформалар мүмкіндіктері, бағдарламалау тілдерін оқыту, бұлттық технологиялар қолданысы, web-қосымшалар, мобильді қосымшалар, VR/AR қосымшаларын  және мәліметтерді сақтау қоймасын құру мәселелері кеңінен зерттелген. Комиссия шешімімен үздік баяндамаларға жүлделі орындар мен номинациялар берілді:

І орын

Мұртаза Шадияр (7М01503 – «Информатика», 1-ші оқу жылы магстранты), баяндама тақырыбы: «Программалау тілін үйретуде CODECOMBAT платформасы  негізінде ойын элементтерін  қолдану»

ІІ орын

Жантлеуова Камила (7М06102-«Ақпараттық жүйелер», 2-ші оқу жылы магстранты), Қуанышев Бекарыс (5B070500 – «Математикалық және компьютерлік модельдеу», 3-ші курс студенті), баяндама тақырыбы: «AUGMENTED REALITY (AR) технологиясын жобалау және құру алгоритмі»

ІІ орын

Искакова Гульдара (7М06103 –«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 2-ші оқу жылы магстранты), баяндама тақырыбы: «POWER BI платформасы негізінде мәліметтерді талдау және визуализациялау»

ІІІ орын

Базарғалиева Г. (5В011100 – «Информатика», 3-ші курс студенті), баяндама тақырыбы: «Онлайн оқыту жағжайында виртуалды лабораториялық порталдарды пайдалану»

ІІІ орын

Нұрқалық С. (7М06102-«Ақпараттық жүйелер», 2 курс), баяндама тақырыбы: «Қойма саласын автоматтандырудағы инновация»

ІІІ орын

Утегенова В. (7М01503 – «Информатика», 1курс), Қосаева Н. (7М06102-«Ақпараттық жүйелер», 2 курс), баяндама тақырыбы: «Исследование вопросов разработки дополненной реальности»

«Батыл баяндамашы» номинациясы – Марқабаева Д. (5B070300-«Ақпараттық жүйелер», 4-ші курс студенті)

«Тапқыр әдіскер» номинациясы – Есетов Ә. (7М01503 – «Информатика», 1-ші оқу жылы магстранты)

«Өндіріске бір қадам» номинациясы – Жантлеуова К. (7М06102-«Ақпараттық жүйелер», 2-ші оқу жылы магстранты)

Ұйымдастырушылар: ф.-м.ғ.к., доцент Сарсимбаева С.М., ф.-м.ғ.к., доцент Жахина Р.У., ф.-м.ғ.к., доцент Талипова М.Ж., оқытушы Каипова А.Д., аға оқытушы Кереев Ә.К.