7М06104 – Информатика
Шифр – мамандықтың атауы:
7М06104-«Информатика»
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
2017 жылдың желтоқсан айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға өтті (Сертификат №АВ 1493 22.12.2017 – 21.12.2022).
Оқу түрі, мерзімі:
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім:
ғылыми-педагогикалық бағытта – 2 жыл;
бейіндік бағытта – 1,5 жыл және 1 жыл.
Берілетін дәреже:
7М06104-«Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар магистрі
Кәсіби қызметінің саласы:
Бітірушілердің кәсіптік әрекетінің аясы:
ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты бойынша:
ғылыми-зерттеу мекемелері; мемлекеттік басқару ұйымдары; білім мекемелері; жобалау ұйымдары; өндірістік мекемелер және басқалары;
бейіндік дайындық бағыты бойынша:
мемлекеттік басқару ұйымдары; жобалау ұйымдары; қаржылық ұйымдар; өндірістік мекемелер және басқалары.
Кәсіби қызметінің нысандары:
Магистратураны бітірушілердің кәсіптік әрекетінің нысаны:
ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты бойынша:
- ғылыми-зерттеу мекемелерінің ақпараттық қызметтері;
- мемлекеттік басқару ұйымдарының ақпараттық қызметтері;
- білім мекемелері;
- жобалау ұйымдарының ақпараттық қызметтері;
- өндірістік мекемеледің ақпараттық қызметтеріжәне басқалары;
бейіндік дайындық бағыты бойынша:
- мемлекеттік басқару ұйымдарыныңкомпьютерді қолдану қызметі;
- өндірістік мекемелердің компьютерді қолдану қызметі;
- қаржылық ұйымдардың компьютердіқолдану қызметіжәне басқалары.
Кәсіби қызметінің пәні:
Бітіруші түлектің кәсіби қызметінің пәні математикалық және алгоритмдік әдістер, соның ішінде ғылым, білім мен техникалық мәселелерді шешу үшін қолданбалы математика, информатика әдістері; бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау және жүзеге асыру әдістері; деректер қорын басқару және әкімшілік ету құралдары; ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету және қауіпсіздік әдістері; жоғары өнімді есептеу жүйелеріндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру әдістері; өңірлік және жаһандық ақпараттық желілерге арналған бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету және Интернет-технологияларды дамыту болып табылады.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- ғылыми-зерттеу;
- өндірістік-технологиялық;
- ұйымдастыру-басқармалық;
- жобалау-конструкторлық;
- білім беру.
Практика базалары:
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ «Қолданбалы математика және информатика» институты, Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы, «ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе филиалы; ҚТЖ АҚ «Ақтөбе желілік әзірлеулер орталығы» филиалы; ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті РММ; «Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В.» Ақсай қ.; «Қалалық техникалық шығармашылық орталығы» ММ; «СтройТехно» ЖШС; «Д-Три А» ЖШС.