7М06104 – Информатика

Шифр – мамандықтың атауы:

7М06104-«Информатика»

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2017 жылдың желтоқсан айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға өтті (Сертификат №АВ 1493  22.12.2017 – 21.12.2022).

Оқу түрі, мерзімі:

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім:

ғылыми-педагогикалық бағытта – 2 жыл;

бейіндік бағытта – 1,5 жыл және 1 жыл.

Берілетін дәреже:

7М06104-«Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар магистрі

Кәсіби қызметінің саласы:

Бітірушілердің кәсіптік әрекетінің аясы:

ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты бойынша:

ғылыми-зерттеу мекемелері; мемлекеттік басқару ұйымдары; білім мекемелері; жобалау ұйымдары; өндірістік мекемелер және басқалары;

бейіндік дайындық бағыты бойынша:

мемлекеттік басқару ұйымдары; жобалау ұйымдары; қаржылық ұйымдар; өндірістік мекемелер және басқалары.

Кәсіби қызметінің нысандары:

Магистратураны бітірушілердің кәсіптік әрекетінің нысаны:

ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты бойынша:

  • ғылыми-зерттеу мекемелерінің ақпараттық қызметтері;
  • мемлекеттік басқару ұйымдарының ақпараттық қызметтері;
  • білім мекемелері;
  • жобалау ұйымдарының ақпараттық қызметтері;
  • өндірістік мекемеледің ақпараттық қызметтеріжәне басқалары;

бейіндік дайындық бағыты бойынша:

  • мемлекеттік басқару ұйымдарыныңкомпьютерді қолдану қызметі;
  • өндірістік мекемелердің компьютерді қолдану қызметі;
  • қаржылық ұйымдардың компьютердіқолдану қызметіжәне басқалары.

Кәсіби қызметінің пәні:

Бітіруші түлектің кәсіби қызметінің пәні математикалық және алгоритмдік әдістер, соның ішінде ғылым, білім мен техникалық мәселелерді шешу үшін қолданбалы математика, информатика әдістері; бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау және жүзеге асыру әдістері; деректер қорын басқару және әкімшілік ету құралдары; ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету және қауіпсіздік әдістері; жоғары өнімді есептеу жүйелеріндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру әдістері; өңірлік және жаһандық ақпараттық желілерге арналған бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету және Интернет-технологияларды дамыту болып табылады.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • ғылыми-зерттеу;
  • өндірістік-технологиялық;
  • ұйымдастыру-басқармалық;
  • жобалау-конструкторлық;
  • білім беру.

Практика базалары:

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ «Қолданбалы математика және информатика» институты, Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы, «ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе филиалы; ҚТЖ АҚ «Ақтөбе желілік әзірлеулер орталығы» филиалы; ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті РММ; «Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В.» Ақсай қ.; «Қалалық техникалық шығармашылық орталығы» ММ; «СтройТехно» ЖШС; «Д-Три А» ЖШС.