ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2021 жылдың  сәуірінде физика кафедрасының магистранттары мен докторанттарына «Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда физика кафедрасының оқытушылары сөз сөйледі: доцент, ф.-м.ғ.к. Жубаев Абзал Қантарбаевич, қауымдастырылған профессор, ф.-м.ғ.к Мясникова Людмила Николаевна және қауымдастырылған профессор, PhD Жантурина Нургул Нигметовна. Келесі мәселелер қаралды және талқыланды: зерттеудің негізгі кезеңдері, өзектілігі, тақырыбы және зерттеу әдістері, ғылыми мақалаларды халықаралық рецензияланған журналдар мен конференцияларға жіберудің ерекшеліктері, докторлық диссертация қорғауға қойылатын жаңа талаптар, ҚР БҒМ БҒСБК құрамына кіретін журналдар тізімі. Сондай-ақ Web of Science, Scopus  сияқты ғылыми базалар,  ORCID, процентиль сияқты түсініктер және т.с.с. Аталмыш семинар ғылым жолындағы ізденушілер үшін өте пайдалы болды