6B01510 – Физика-Информатика
Шифр – мамандықтың атауы:
6B01510 – Физика-Информатика
Оқу түрі, мерзімі:
жалпы орта білім негізінде 4 жыл;
орта кәсіптік білім негізінде 3 жыл;
жоғары кәсіптік білім негізінде 2 жыл.
Берілетін дәреже:
6B01510-Физика-информатика білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Кәсіби қызметінің саласы:
- жалпы білім беру ұйымдарында, білім мекемелерінде және орталықтарында балалар мен оқушы жастардың білім алуы және дамуы;
- ғылым;
- физикалық зерттеу әдістерін қолданумен байланысты ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар.
Кәсіби қызметінің нысандары:
- мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырудағы білім бері мекемелері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары;
- ғылыми ұйымдар: физика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі салалары бойынша ғылыми, ғылыми-зерттеу орталықтары;
- басқару ұйымдары: мемлекеттік басқару ұйымдары, білім департаментері;
- өз жұмыстарында физикалық зерттеу әдістерін қолданатын түрлі жеке меншік формасындағы ұйымдар.
Кәсіби қызметінің пәні:
- оқу-тәрбие ісі: оқушылардың білім беру процестерін жобалау және басқару, қазіргі педагогикалық және ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану жағдайында мотивациялық, диагностикалық, түзету, коммуникативтік, әдістемелік жұмыстарды орындау;
- ғылыми – зерттеу ісі: физика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі салалары бойынша ғылыми- зерттеу жұмыстарына қатысу, эксперименттік зерттеулер жүргізу және нәтижелерді өңдеу;
- өндірістік-технологиялық іс: ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды қолданып ақпараттық қорларды өндіру мен өңдеудің технологиялық процестерін ұйымдастыруға қатысу.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- әлеуметтік-педагогикалық – оқушылардың толыққанды өмір сүруі, тәрбиеленуі және дамуы үшін жағдай жасау және гуманитарлық – педагогикалық қолдау көрсету;
- білім беру – оқушыларды оқыту және дамыту, оқу және тәрбие процестерін ұйымдастыру, педагогикалық процесті жобалау және басқару, диагностика, түзету, педагогикалық әрекет нәтижелерін болжау;
- ғылыми-зерттеу – физика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі салалары бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
- ұйымдастыру-әдістемелік – инновациялық оқыту тәжірибелерін оқу, үйрену, жалпылау және тарату;
- өндірістік-технологиялық – физикалық зерттеу әдістері негізінде технологиялық процестерді басқару және ұйымдастыру.
Практика базалары:
Ақтөбе қаласының мектептері.