6В01501 – Математика
Шифр – мамандықтыңатауы:
6В01501 – Математика
Аккредитацияданөтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
2018 жылдың мамыр айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша 6В01501 – Математика (5В010900-Математика) білім беру бағдарламасы аккредиттеуден сәтті өтті. (№ АВ 1729, 31.05.2018-30.05.2023ж.).
Оқу түрі, мерзімі:
күндізгі бөлім — орта жалпы білім негізінде 4 жыл,орта кәсіби білім негізінде 3 жыл
Берілетін дәреже:
6В01501 – Математика білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Кәсіби қызметінің саласы:
білім; ғылым; қолданбалы математика.
Кәсіби қызметінің нысандары:
білім беру ұйымдары ( мектептер, лицейлер, гимназиялар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары); математика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі төңірегіндегі ғылыми-зерттеу мекемелері, басқару ұйымдары: білім департаменті, өз жұмысында математикалық әдiстерді қолданатын әр түрлi жеке меншiк ұйымдардар.
Кәсіби қызметінің пәні:
оқу-тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, педагогикалық білім беру мәселелері бойынша тәжірбиелі-экспериментальді және ғылыми –зерттеушілік жұмыстар; алдыңғы қатарлы инновациялық технологияларды игеру және енгізу; оқу орындарындағы ұйымдастыру қызметтерін орындау; оқу-әдістемелік құжаттарын жасау; жастарды оқытудың әдістері мен формаларын жетілдіру.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- білім беру – оқушыларға білім бері және дамыту, оқу және тәрбие үрдісін ұйымдастыру, педагогикалық үрдісті жобалау және басқару, педагогикалық шығармашылықтар нәтижесін сараптау, түзету;
- әлеуметтік-педагогикалық – оқушылардың толыққанды өмір сүрулеріне, тәрбиесіне және дамуына ыңғайлы жағдайлар жасау;
- ғылыми зерттеу – математика және математиканы оқыту әдістемесі облысындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
- ұйымдастыру-әдістемелік – инновациялық оқыту тәжірибелерін зерделеу, жалпылау және тарату, зерттеудің математикалық әдістері негізінде технологиялық үрдісті басқару және ұйымдастыру.
Практика базалары:
№ 21 орта мектебі, Ақтөбе қаласы, Білім-инновация лицейі, Ақтөбе қаласы, Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Ақтөбе қаласы.