7M06103– Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Шифр – мамандықтың атауы:
7M06103– Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Оқу түрі, мерзімі:
Ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты – 2 жыл.
Бейіндік дайындық бағыты – 1,5 жыл және 1 жыл.
Берілетін дәреже:
7M06103 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі
Кәсіби қызметінің саласы:
Бітірушілердің кәсіптік әрекетінің аясы әр түрлі салаларда ақпараттық жүйелерді жасайтын, іске қосатын және қолданатын әртүрлі меншік түрлеріне жататын кәсіпорындар мен ұйымдар болып табылады, нақтылап айтсақ: машина жасау, металлургия, көлік, телекоммуникация, ғылым және білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық саласы, қызмет көрсету саласы, әкімшілік басқару, экономика, бизнес, әр түрлі техникалармен басқару, яғни адамға қызмет етудің барлық саласында.
Кәсіби қызметінің нысандары:
магистратураны бітірушілердің кәсіптік әрекетінің нысаны:
ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты бойынша:
- ғылыми-зерттеу мекемелерінің ақпараттық қызметтері;
- мемлекеттік басқару ұйымдарының ақпараттық қызметтері;
- білім мекемелері;
- жобалау ұйымдарының ақпараттық қызметтері;
- өндірістік мекемеледің ақпараттық қызметтеріжәне басқалары;
бейіндік дайындық бағыты бойынша:
- мемлекеттікбасқару ұйымдарыныңкомпьютерді қолдану қызметі;
- өндірістік мекемелердің компьютерді қолдану қызметі;
- қаржылық ұйымдардың компьютердіқолдану қызметіжәне басқалары.
Кәсіби қызметінің түрлері:
7М070400 – « Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша магистратура түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқара алады:
ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты бойынша:
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- ғылыми-зерттеу;
- педагогикалық;
- жобалау;
бейіндік дайындық бағыты бойынша:
- ұйымдастырушылық-технологиялық;
- есептеу-жобалау;
- сервистік-эксплуатациялық;
- өндірістік-технологиялық.
Практика базалары:
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ «Қолданбалы математика және информатика» институты, Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы, «ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе филиалы; ҚТЖ АҚ«Ақтөбе желілік әзірлеулер орталығы» филиалы; ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті РММ; «Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В.» Ақсай қ.; «Қалалық техникалық шығармашылық орталығы» ММ; «СтройТехно» ЖШС; «Д-Три А» ЖШС.