7М05401 – Математика

Шифр – мамандықтың атауы:

«7М05401 – Математика»

Аккредитациядан өтуі:

2016 жылдың сәуір айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті. (№ АВ0523, 17.04.2016 – 16.04.2020.).

Оқу мерзімі:

2 жыл немесе 1-1.5 жыл.

Берілетін академиялық дәреже:

«7М05401 – Математика» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі

Кәсіби қызметінің саласы:

білім; ғылым; өндіріс және экономика; қолданбалы математика.

Кәсіби қызметінің нысандары:

ғылыми-зерттеу ұйымдары, жобалау және конструкторлық бюро, фирмалар мен компаниялар; білім беру ұйымдары (жоғары және орта арнаулы оқу орындары және т.б.);  мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, өз жұмысында математика әдістерін қолданатын  әртүрлі жеке меншік нысандар; әкімшілік басқару; сақтандыру компаниялары; қаржы құрылымдары, бизнес, экономика.

Кәсіби қызметінің пәні:

математикалық әдістер мен компьютерлік технологияларды қолдану саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары; процестер мен объектілердің және бағдарламалық қамтамасыз етудің математикалық модельдеуін қолдана отырып әртүрлі қолданбалы мәселелерді шешу; жаратылыстану, техника, экономика және басқару мәселелерін шешудің тиімді әдістерін әзірлеу; ғылыми, ғылыми-зерттеу және басқарушылық қызметті бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпараттық қамтамасыз ету; математикалық пәндерді оқыту, жоғары, орта арнайы оқу орындарында және басқа оқу орындарында оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру.

Кәсіби қызмет түрлері:

ғылыми-зерттеу; білім беру (педагогикалық); өндірістік-технологиялық; ұйымдастырушылық және басқарушылық.

Практика базалары:

Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ,Қолданбалы математика және информатика ҒО;

ҚР БжҒМ математика және математикалық модельдеу институты.

Модульдік білім беру бағдарламасы