Физика-математика факультеті деканы

Физика-математика факультеті деканы


Аймукатов Аскар Токпанович

Лауазымы: Физика-математика факультеті деканы

Ғылыми атағы: Педагогика ғылымдарының кандидаты

Телефон: +7 (7132) 57-13-85

E-mail: nastavnik1961@mail.ru

Мекен-жайы: Актөбе, Ағ.Жұбановтар көшесі 263, корпус №3, кабинет 305


 

Білімі

1979-1984 ж.ж. Свердлов инженерлік-педагогикалық институты, инженер-оқытушы біліктілігі;

2004-2007 Абай атындағы ҚазҰПУ, «13.00.02-Оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі» (информатика) мамандығының аспирантурасы. Педагогика ғылымдарының кандидаты;

Еңбек жолы

2020 ж. – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің физика-математика факультетінің деканы.

2019 – 2020 ж.ж. ««Өрлеу» БАҰО»  АҚ, Ақтөбе филиалы, Педагогтардың біліктілігін арттыру институты. Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары;

2016 – 2019 ж.ж. Ақтөбе политехникалық колледжі. Бас директордың ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, арнайы пәндер оқытушысы;

2016 – 2002 ж.ж. Ақтөбе политехникалық колледжі. Бас директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, арнайы пәндер оқытушысы;

2002-2000 ж.ж. Ақтөбе политехникалық колледжі. «Есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерге арналған бағдарламалық қамтамасыздандыру» кафедрасының меңгерушісі, арнайы пәндер оқытушысы;

2000-1989 ж.ж. Ақтөбе политехникалық колледжі. Бас директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, арнайы пәндер оқытушысы;

1989-1984 ж.ж. Ақтөбе индустриалды-педагогикалық колледжі. Өндірістік оқыту шебері.

Ғылыми-зерттеу қызметі

2007 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «13.00.02-Оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі» (информатика) мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Политехникалық колледжде информатика курсында компьютерлік графика және геометриялық модельдеуді оқыту әдістемесі» тақырыбында  диссертация қорғады., Ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша 40-тан астам ғылыми жарияланымдары бар.

«Политехникалық колледждің информатика курсында компьютерлік графика және геометриялық модельдеуді оқыту» монографиясы жарық көрді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің орта кәсіптік білім берудің РУМО мен Абай атындағы ҚазҰПУ «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасы баспаға ұсынды.

Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшесі. ХАА академигі атағына ие.

Оқу үдерісіне техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің оқу орындарында пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған төрт авторлық оқулық енгізілді.

Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің білім беру ұйымдарында студенттер үшін бес авторлық электрондық оқулық жасады.

«Тель-Авив Университеті Қауымдастығы», Еуразиялық Топ өкілдігі (ERG) және Алматы Менеджмент Университеті ұйымдастырған «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасы аясындағы «Тәрбиеші-инноватор» байқауының жеңімпазы, 1 орын. Ақтөбе, 2018;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған, Қазақстан Республикасы ТжКБ оқу орындарының арнайы пән оқытушылары арасында ұйымдастырылған «2015 жылдың үздік оқытушысы» атағының иегері;

2015 жылы КазмунайГаз / KAZENERGY білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары арасында ұйымдастырған Сафи Өтебаев атындағы гранттың иегері,

 


Оқу ісі жөніндегі деканының орынбасары
Тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары