ҰЛТТЫҚ БІРІҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ

2021 жылдың 22 қырқүйегінде физика-математика факультетінің 4 курс студенттерімен факультет деканы А. Аймұқатов және «U-STUDY» аймақтық тестілеу орталығының үзіліссіз білім беру және маркетинг қызметі секторының меңгерушісі Ж. Тлеулина кездесу өткізді. Кездесуде педагогикалық мамандықтарда оқитын білім алушылардың «педагог» біліктілік санатын алу және аталған біліктілікке дайындалу жөнінде ақпарат түсіндірілді. Кездесу соңында студенттердің туындаған сұрақтарына жауап берілді.