Ғылыми кітапхана

08.09.2021ж. физика-математика факультетіне қарасты ғылыми кітапханада 1 курс студенттерін оқу орнына бейімдеу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында студенттерді кітапханмен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Аталмыш шараға 6В01503 — ИНФОРМАТИКА, 6В06106 — IT МЕДИЦИНА, 6B05401 — МАТЕМАТИКА 1 курс студенттері қатысып, кітапхана тарихы, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерімен, кітапхананы пайдалану ережелерімен танысты. Сонымен бірге әр бөлімнің алдағы жылы жоспарланған мәдени шараларына студенттерді белсенді түрде қатысуға шақырды. Арнай бекітілген кестеге сәйкес басқа да топтар аталмыш шараға қатыстырылатын болады