Педагогикалық практика

Физика-математика факультеті, математика кафедрасының 4МПКО1, 4МПКО2 , 4МПРО және 4МПФКО топтарының студенттеріне ZOOM платформасы арқылы өндірістік (педагогикалық) практиканың ұйымдастыру конференциясы өтті. Конференция барысында практика жетекшілері өндірістік (педагогикалық) практиканың жоспары мен ережелерімен таныстырды және студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Студент-практиканттарға сәттілік тілейміз!