Түлектермен кездесу

Куратор Әміре Халиұлының ұйымдастыруымен 1МПҚБ және 1МФПҚБ топтарында
1) 2.05.2021 күні 5В010900-Математика мамандығының 2019 жылғы түлегі Тілегенов Ерген мен топ жігіттерінің кездесуі өтті. Әскери кафедра тәмамдаған Ерген Тілегенұлы студенттерге оқу барысын басынан аяғына дейін түсіндіріп берді және студенттердің көп сұрақтарына жауап берді. Кездесу нәтижесінде топ жігіттерінің көбісі әскери кафедра оқуды жөн санап, ойларына алды.
2) 3.05.2021 күні 5В010900-Математика мамандығының 2019 жылғы түлегі Наурызғали Динара мен 5B070500 – Математикалық және компьютерлік моделдеу мамандығының 2020 жылғы түлегі Сейтбек Әбибулла мемлекеттік гранттағы топ студенттерімен кездесті. Ауыл квотасымен оқыған Динара Төлепқызы және «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» грантымен оқыған Әбибулла Рәшидұлы аталмыш гранттарда оқудың ерекшелігін, оқуды тәмамдағаннан кейінгі өтеу жөнінде өздері білетін ақпаратпен бөлісті, студенттердің бірнеше ситуациялық сұрақтарына толық жауап берді.