«ЦИФРЛЫҚ ПЕДАГОГ» ШЕБЕРЛІК КЛАССЫ

«Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының доценті п.ғ.к.  А.М.Байганова және кафедраның аға оқытушысы Г.И.Утесованың ұйымдастыруымен «Цифрлық педагог» шеберлік классы өткізілді. Кафедраның доценті  п.ғ.к., доцент А.М.Байганова  оқытушыларды цифрлық құзыреттілігінің әр түрлі бағыттарымен таныстырды. Сонымен қатар кәсіби педагогикалық ортада цифрлық технологияны қолдану; цифрлық білім беру ресурстарын іздеу, құру және бөлісу бойынша кәсіби дағдыларды дамыту; оқытушыларға цифрлық құралдарды оқыту мен оқуда қолдану үшін қажетті дағдыларды қалыптастырумен қатар білім алушылардың білім беру мүмкіндіктерін кеңейту үшін цифрлық құралдарды қолдану аясында тәжірибелерімен бөлісуге  мектеп информатика пән мұғалімдері  және практика жетекші – әдіскерлері өз пікірімен бөлісті. Тәжірибелік сабақтарда қашықтан оқыту курсын құрастыруды жеке және топтарда талдап, өз сабақтарында цифрлық ресурстарды қолдануға машықтандыру мақсатында өзара тәжірбие алмасулар(Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі, НЗМ, №72 IТ мектеп-лицейі, Үш тілде оқытатын №21 мектеп гимназия, №56 ЖОББМ) жүргізілді. Қатысушылар тарапынан қызығушылықтар тудырды.