Тиімді әдістеме

Ғылыми тәжірибеден өтуге келген М. Өтемісов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 7М01504-Физика мамандығының 1 курс магистранттарыжәнеҚ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 7М01502-Физика мамандығының 1 курс магистранттары дөңгелек үстелде бас қосты.

Магистранттар «Физиканы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында ZOOM платформасында, қазіргі таңдағы физиканың оқыту жүйесіндегі тиімді әдістер,тәжірибелермен алмасып,бір-біріне сұрақ қойып, ортақ іс шараларды талқылап, білім сапасын арттыруда өзекті мәселелертуралы ойларын ортаға салды.

Магистранттар Гинятова А., Елеу Т., Сугралиева Г., Шуйншкалиева Г. (М. Өтемісов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті) және Бозшин Б., Отарбаева А., Ұзақбаева А.,Жолдыгалиева А., Коптлеуова М. (Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті)дөңгелек үстел аясында өздерінің мазмұнды ғылыми баяндамаларын жасады.

Қатысушылар үлкен қызығушылық тудырып, құнды баяндамаларын дайындап бір-біріне және ұйымдастырушы «Физика» кафедрасының доценті, ф.м.ғ.к. Ш.Ж. Сагимбаеваға өздерінін ризашылығын білдірді.