ЖОО түлектерінің құнды тәжірибесі

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ физика-математика факультетінің бітіруші 4 курс студенттерімен кураторлары Шаукенбаева А.К. (5В070300 – “Ақпараттық жүйелер”), Талипова М.Ж. (5В070400 – “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету”), Жахина Р.У. (5В070500 – “Математикалық және компьютерлік модельдеу”) сәті түскен сұхбат аясында «Мансапты жоспарлау және мүмкіндіктер» тақырыбында Қ.Жұбанов атындағы АМУ-дің Экономика факультетінің 2005 жылғы түлегі, 2018 жылы Оксфорд университетін «Блокчейннің бизнес стратегиялары» бағдарламасы бойынша бітірген және 2018 жылдан бері бүкіләлемдікWoman20 (үлкен жиырмалықтың құрамды бөлігі) ұйымының делегаты, Дубайдың халықаралық әлеуметтік саласын цифрландыру бойынша соңғы 2 жылда өзінің жеке ZAZA жобасын дамытып және қазіргі таңда Дубайда жұмыс жасап жатырған Жазира Лепеспен Zoom платформасында онлайн кездесу ұйымдастырды.
Кездесу соңында студенттер Жазираға Аманбекқызына өздерінің көкейіндегі сұрақтарын қойды, алғыс, тілектерін білдірді. Кеш әсерлі өтті.