Қазіргі таңдағы физиканың өзекті мәселелері

Физика-математика факультетінің жоспарына сай «Физика» кафедрасының ұйымдастыруымен магистранттар арасында “Қазіргі таңдағы физиканың өзекті мәселелері” тақырыбында серіктес жоғарғы оқу орындары Ш.Есенов ат. Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, М. Өтемісов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті және Л.Н.Гумилев ат. Еуразия Ұлттық университетімен бірлескен ZOOM платформасында ғылыми онлайн семинар өтті.
Семинарға ЖОО профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, магистранттар, студенттер барлығы 30-тен астам қатысушы онлайн жүйеде бас қосып, қазіргі таңдағы физика мен астрономияның жаңартылған білім бағдарламасы аясында оқыту әдістемесі, білім сапасын арттыруда өзекті мәселелері туралы ойларын ортаға салды.
Семинар барысында Ахметова Жансая – Ш.Есенов ат. Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті 7М01502-Физика мамандығының 1 курс магистранты, Марат Перизат – М. Өтемісов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 6М011000-Физика мамандығының 2 курс магистранты, Базарбаева Әсем – Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 7М01502-Физика мамандығының 1 курс магистранты, Жамангарина Айдана – Л.Н.Гумилев ат. Еуразия Ұлттық университеті 7М01502-Физика мамандығының 1 курс магистранты және Оспанов Мират – Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 6М060400-Физика мамандығының 2 курс магистранты семинар тақырыбы аясында өздерінің мазмұнды ғылыми баяндамаларын жасады.

Семинар жұмысының қонағы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының доценті, ф.м.ғ.к. Л.У. Таймуратова қатысушы ЖОО-ның басшылығына, кафедра профессор-оқытушылар құрамына және магистранттарға өз ризашылығын білдірді.
Ғылыми онлайн семинар жұмысының жауапты ұйымдастырушылары «Физика» кафедрасының доценті, ф.м.ғ.к. Ш.Ж. Сагимбаева мен доцент, PhD Жантурина Н.Н.