Академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Физика – математика факультетінде Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша координаторы А. Т. Байбактинаның ұйымдастыруымен, осы оқу жылының 1-ши семестрінде шетелде білім алған студент М. Байғалидің есеп беру жиыны өтті. Жиынға Халықаралық ынтымақтастық орталығы мамандары Г.І.Қуанышова, С.Е.Жукетаева, физика – математика факультетінің деканы А. У. Бекбауовамен орынбасарлары, кафедра меңгерушілері жане оқытушылар, студенттер қатысты. Байгали Мухаммед Польша мемлекетінің Быдгощ қаласындағы Экономика университетінде “Компьютерлік инженерия” мамандығы пәндерін меңгерген болатын. Сол оқу орнындағы өзінің алған білімі мен тәжірибесімен бөлісті. Сұрақтар қойылып, алған әсерлерімен 1-2 курс студенттерімен бөліскендері айтылды.