5В060400 – Физика

Шифр – мамандықтың атауы:

5В060400 – Физика.

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2015 жылдың сәуір айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті.

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл;
сырттай: 2 жыл.

Берілетін дәреже:

5В060400 – Физика мамандығы бойынша жаратылыстану бакалавры.

Кәсіби қызметінің саласы:

– эксперименттік, теориялық және қолданбалы физика саласы, сондай-ақ жаратылыс және техникалық ғылымдар саласы;
– білім саласы, оның ішінде педагогика, орта оқу орындарында физиканы оқыту теориясы мен әдістемесі саласы;
– ғылыми-техникалық әдебиеттерді шет тілінен және шет тіліне аудару (арнауы бөлім үшін).

Кәсіби қызметінің нысандары:

– ғылыми-зерттеу институттары, зертханалары, конструкторлық және жобалық бюро және фирмалар;
– мемлекеттік білім беру ұйымдары және білім беру кәсіпорындары, сондай-ақ мемлекеттік емес білім беру ұйымдары;
– өндірістік өнеркәсіптер мен бірлестіктер.

Кәсіби қызметінің пәні:

– физикалық құбылыстар мен процесстерді ғылыми зерттеуді тиімді ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз ету;
– білім беру стандарты қабылдаған деңгейде білім беру бағдарламаары мен оқу жоспарларын жүзеге асыру.

Кәсіби қызметінің түрлері:

– ғылыми-зерттеу;
– педагогикалық;
– ұйымдастыру-басқару;
– конструкторлық-технологиялық;
– аудармашылық (арнаулы бөлім үшін).

Практика базалары:

Ақтөбе қаласының колледждері, «Нанотехнология» зертханасы, АО «Біріктірілген Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясы», ТОО «Жайык-гидрология», ТОО «Сенімді-құрылыс».