Факультет зиялылары

Физика-математика факультетінің Физика кафедрасында Ғылым апталығы аясында 6B01502 (5В011000) – “Физика”, 6В05301(5В060400) –”Физика” мамандықтарының 1-2 курс студенттері арасындағы «ХХІ ғасыр физигі» интеллектуалдық жарысы өткізілді. Жарыс физика ғылымының түрлі салаларын қамтитын бірнеше кезеңнен тұрды. Жарыстың алғашқы кезеңінде шапшаңдықты қажет ететін блиц сұрақтар қойылса, кейінгі этаптарында физикалық анимациялар демонстрацияланды. Студенттер өз білімдерін көрсетіп, белсенділік танытты.

Ойын соңында ең көп ұпай жинаған үш қатысушы анықталып, жүлделі орындарды келесі ретпен бөлісті:
1-орын – Рахметолла Гүлжарқын (6В05301-Физика мамандығының 1-курс студенті);
2-орын – Түлекбай Рауан (6В01502-Физика мамандығының 1-курс студенті);
3-орын – Мұратов Қуаныш (6В01502-Физика мамандығының 1-курс студенті).

Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін алғыс білдіреміз!
Ұйымдастырушы оқытушылар: Истляуп А.С., Калиев А.М.