5В060200 – Информатика

Шифр – мамандықтың атауы:

5В060200 – Информатика.

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2017 жылдың қазан айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өтті (Сертификат №АВ1491, 22.12.2017-21.12.2022).

Оқу түрі, мерзімі:

Жалпы орта білім негізінде 4 жыл;
орта кәсіптік білім негізінде 3 жыл.

Берілетін дәреже:

5В060200-Информатика мамандығы бойынша жаратылыстану бакалавры.

Кәсіби қызметінің саласы:

Бітірушілердің кәсіптік қызмет саласы ғылыми- зерттеу орталықтары; кәсіби міндеттерді шешу үшін математикалық әдістер мен компьютерлік технологияны пайдаланатын меншіктің түрлі нысандарындағы мекемелер, технопарктер, инновациялық орталықтар, білім беру мекемелері, қашықтықтан оқыту орталықтары мен ұйымдар болып табылады.

Кәсіби қызметінің нысандары:

Бітірушілердің кәсіптік қызметінің нысаны компьютерлік жүйелер мен тораптар; математикалық және алгоритмдік модельдер; жоғары жылдамдықты есептеу жүйелері; ғылым, білім, техника, экономика және басқару мігндеттерін шешуге арналған аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету бола алады.

Кәсіби қызметінің пәні:

Бітіруші түлектің кәсіби қызметінің пәні бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау және жүзеге асыру әдістері; математикалық және алгоритмдік әдістер, соның ішінде ғылым, білім мен техникалық мәселелерді шешу үшін қолданбалы математика, информатика әдістері; деректер қорын басқару және әкімшілік ету құралдары; ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету және қауіпсіздік әдістері; жоғары өнімді есептеу жүйелеріндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру әдістері; өңірлік және жаһандық ақпараттық желілерге арналған бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету және Интернет-технологияларды дамыту болып табылады.

Кәсіби қызметінің түрлері:

– ғылыми-зерттеу;
– өндірістік-технологиялық;
– ұйымдастыру-басқармалық;
– жобалау-конструкторлық;
– білім беру.

Практика базалары:

«ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе филиалы; ҚТЖ АҚ«Ақтөбе желілік әзірлеулер орталығы» филиалы; ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті РММ; «Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В.» Ақсай қ.; «Қалалық техникалық шығармашылық орталығы» ММ; «СтройТехно» ЖШС.