5В011100 – Информатика

Шифр – мамандықтың атауы:

5В011100 – Информатика.

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2013 жылдың наурыз айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға өтті. (Сертификат №АВ1728, 31.05.2018-30.05.2023).

Оқу түрі, мерзімі:

жалпы орта білім негізінде 4 жыл;
орта кәсіптік білім негізінде 3 жыл;
жоғары кәсіптік білім негізінде 2 жыл.

Берілетін дәреже:

5В011100-Информатика мамандығы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызметінің саласы:

Бітірушілердің кәсіби қызметінің саласы -жалпы білім беретін мекемелерінде және орталықтарда балалар мен оқушыларға білім беру және дамыту, ақпараттық-коммуникациялық құралдарды және технологияларды пайдаланатын мекемелер, кәсіпорындар және ғылыми ұйымдар.

Кәсіби қызметінің нысандары:

Бітірушілердің кәсіптік әрекетінің нысаны мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыруындағы білім беру мекемелері, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері, мектептер, лицейлар, гимназиялар, колледждар, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері; математика, қолданбалы математика, педагогика, психология және оқыту әдістері саласындағы ғылыми, ғылыми-зерттеу орталықтары; мемлекеттік білім беру басқармалары, департаменттері; өз жұмысында қолданбалы математика әдістерін және компьютерлік технологияларды пайдаланатын әртүрлі меншіктегі ұйымдар болып табылады.

Кәсіби қызметінің пәні:

Білім беру процесінің құндылықты-мақсаттық бағытының, мазмұнының, әдістерінің, формалары және нәтижелерінің бірлігі; информатика, қолданбалы математика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми-зерттеу, инновациялық, ақпараттық-аналитикалық қызметі; бағдарламалық, математикалық және ақпараттық қамтамасыз етуді жобалаудың, енгізудің және сүйемелдеудің технологиялық процесі.

Кәсіби қызметінің түрлері:

– әлеуметтік-педагогикалық қызмет;
– білімдік қызмет;
– ғылыми-зерттеу қызметі;
– эксперименттік зерттеу;
– ұйымдастыру-әдістемелік қызмет;
– мәдени-ағартушылық қызмет;
– өндірістік-технологиялық қызмет.

Практика базалары:

Назарбаев Зияткерлік мектебі; Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектепинтернаты; Үш тілде оқытатын №21 мектепгимназиясы; № 51 мектеп – гимназиясы; №40 қазақ орта мектебі; №30 қазақ орта мектебі; №39 қазақ орта мектебі; №6 қазақ орта мектебі; №27 орта мектебі.