5В012600 – Математика-физика

Шифр-мамандықтың атауы:

5В012600 – Математика-физика.

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):


Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл;

сырттай: 3 жыл; 2 жыл.

Берілетін дәреже:

5В012600 — Математика-физика мамандығы бойынша білім бакалавры.

 Кәсіби қызметінің саласы:

 – білім;

– ғылым;

– қолданбалы математика;

– зерттеудің физикалық әдістерін пайдаланатын ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар.

Кәсіби қызметінің нысандары:

– мемлекеттік, мемлекеттік емес қаржыландырылатын білім беру мекемелері; мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, техникалық кәсіби білім беру оқу мекемелері;

– ғылыми ұйымдар (математика, физика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі салалары  бойынша ғылыми, ғылыми-зерттеу орталықтары);

– басқару ұйымдары (мемлекеттiк басқару органдары, білім департаменттері);

– математика және физика әдiстерін қолданатын әр түрлi меншiктік ұйымдар.

Кәсіби қызметінің пәні:

– білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

– математика, физика, педагогикалық білім беру мәселелері бойынша және тәжірибелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

– оқу орындарында және сәйкес бағыттардағы басқару органдарында ұйымдастырушылық қызметте жүзеге асыру;

– физикалық зерттеулер  әдістерін енгізу, жобалаудың технологиялық процесі.

Кәсіби қызметінің түрлері:

– білім беру;

– әлеуметтік-педагогикалық;

– ғылыми- зерттеу;

– ұйымдастыру-әдістемелік;

– өндірістік-технологиялық.

Практика базалары:

  1. № 21 орта мектебі, Ақтөбе қаласы
  2. Білім-инновация лицейі, Ақтөбе қаласы
  3. Назарбаев Зияткерлік мектебі, физика-математика бағыты, Ақтөбе қаласы.