5В070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу

Шифр – мамандықтың атауы:

5В070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу.

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2017 жылдың қазан айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өтті (№АВ1398, 20.11.2017-19.11.2020).

Оқу түрі, мерзімі:

Жалпы орта білім негізінде 4 жыл; орта кәсіптік білім негізінде 3 жыл.

Берілетін дәреже:

5В070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры.

Кәсіби қызметінің саласы:

Бітірушілердің кәсіптік әрекетінің аясы ғылыми – зерттеу мекемелері; телекоммуникация мекемелері; білім беру мекемелері; өнеркәсіп орындары бола алады.

Кәсіби қызметінің нысандары:

Бітірушілердің кәсіптік әрекетінің нысаны ғылыми- техникалық ақпараттық үрдістерді математикалық және алгоритмдік пішіндеу; ғылыми-технолигиялық үрдістерді математикалық пішіндеу; есептеу математикасы, есептеу технологиясы; деректер қоймасы және білімдер қоймасы; бағдарламалар, бағдарламалық жүйелер және кешендер, оларды жобалау технологиялары; желілерді басқару бола алады.

Кәсіби қызметінің пәні:

Бітірушілердің кәсіби қызмет пәндері – табиғат құбылыстары үшін математикалық моделін өңдеу; физикалық үрдістер үшін математикалық моделін өңдеу; желілерді әкімшілік ету және программалау бола алады.

Кәсіби қызметінің түрлері:

– ғылыми-зерттеу;
– жобалық;
– өндірістік-технологиялық;
– ұйымдастыру және басқару.

Практика базалары:

«ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе филиалы; ҚТЖ АҚ«Ақтөбе желілік әзірлеулер орталығы» филиалы; ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті РММ; «Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В.» Ақсай қ.; «Қалалық техникалық шығармашылық орталығы» ММ; «СтройТехно» ЖШС; «Д-Три А» ЖШС.