5В070300 – Ақпараттық жүйелер

Шифр – мамандықтың атауы:

5В070300 – Ақпараттық жүйелер.

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2017 жылдың қазан айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өтті (сертификат №АВ1394, 20.11.2017-19.11.2022).

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл; 3 жыл;
cырттай: 3 жыл, 2 жыл

Берілетін дәреже:

5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры.

Кәсіби қызметінің саласы:

Бітірушілердің кәсіптік әрекетінің аясы әр түрлі салаларда ақпараттық жүйелерді жасайтын, іске қосатын және қолданатын әртүрлі меншік түрлеріне жататын кәсіпорындар мен ұйымдар болып табылады, нақтылап айтсақ: машина жасау, металлургия, көлік, телекоммуникация, ғылым және білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық саласы, қызмет көрсету саласы, әкімшілік басқару, экономика, бизнес, әр түрлі техникалармен басқару, яғни адамға қызмет етудің барлық саласында.

Кәсіби қызметінің нысандары:

Бітірушілердің кәсіптік әрекетінің нысаны ақпараттық жүйелер мен желілердің математикалық, ақпараттық, программалық, техникалық және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз етілуі, сондай-ақ оларды жобалау, игеру, іске қосу және сүйемелдеу технологиялары болып табылады.

Кәсіби қызметінің пәні:

Бітірушілердің кәсіби қызметінің пәні ретінде ақпараттық жүйелердің әртүрлі компоненттері мен ақпараттық жүйелердің өзін жобалау мен жасау, ақпараттық жүйелердің тораптық инфрақұрылымын инсталляциялау, конфигурациялау және басқару, ақпараттық жүйелердің деректер базасын жобалау және басқару, ақпараттық жүйелер мен олардың бөлшектерінің ақпараттық, программалық, техникалық және ұйымдық-құқықтық қамтамасыз етілуін сүйемелдеу болып табылады.

Кәсіби қызметінің түрлері:

Жобалаушы-конструкторлық қызмет; өндірістік-технологиялық қызмет; ұйымдастыру-басқарушылық қызмет; эксплуатациялық қызмет.

Практика базалары:

«ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе филиалы; ҚТЖ АҚ«Ақтөбе желілік әзірлеулер орталығы» филиалы; ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті РММ; «Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В.» Ақсай қ.; «Қалалық техникалық шығармашылық орталығы» ММ; «СтройТехно» ЖШС; «Д-Три А» ЖШС.